Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Кеше, 2015 жылғы 27 наурызда Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат Әбілғазы Құсайынов Алматыда бірқатар кәсіпорын жұмысшыларымен кездесу өткізді. - АРҚА АЖАРЫ

Кеше, 2015 жылғы 27 наурызда Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат Әбілғазы Құсайынов Алматыда бірқатар кәсіпорын жұмысшыларымен кездесу өткізді.

Алғашқы кездесу «ОБИС» Компания» ЖШС-сында өтті.
Әбілғазы Құсайынов экологиялық және өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселесін көтерді.
«Бүгінде ғаламшарды айналған озон қабатының бұзылуы, Әлем мұхиттарындағы судың ластануы, жердің ластануы, топырақтың құнарсыздануы, биологиялық тіршіліктің азуы және т.б. мәселелер өзекті болып табылады.
Қазіргі уақытта экология биологияның шеңберінен шығып, адамзаттың қоршаған ортамен қарым-қатынасын зерттейтін пәнаралық ғылымға айналды.
Экология «адам – табиғат» проблемасын зерттеуде күрделі әрі ұзақ жолдан өтті.
Адам мен Табиғат арасындағы қарым-қатынастың өзіндік ерекшелігі бар. Адамға сана берілді, сол арқылы ол табиғатта алатын орнын айқындап, Жер жүзінде өз жаратылысының мәнін түсінуге мүмкіндік алды.
Қазірде экологияны «адамзаттың жеке үйі» – биосфера туралы, оның ерекшеліктері, адаммен қарым-қатынасы және байланысы, ал, адамның жалпы қоғаммен байланысы туралы ғылым деп те атап жүр.
Биология шеңберіндегі дербессіз пәннен экология кешенді пәнаралық ғылымға – айқын дүниетанымдық мазмұны бар заманауи экологияға айналды.
Бүгінгі күні экология тірі организмдердің қоршаған ортамен байланысы туралы биологиялық ғылым деген бастапқы түсінігінен алшақ бірнеше ғылыми салаларға және пәндерге бөлінеді.
Қазіргі заманғы экология тек биологияның ғана емес, жалпы, жаратылыстану ғылымдарының шеңберінен дараланып шықты. Заманауи экологияның идея-
лары мен принциптері дүниетанымдық мазмұнға ие, соның негізінде экология адамзат және мәдениет туралы ғылымдармен ғана емес, сондай-ақ, философиямен де тығыз байланыста. Жүз жылдан астам тарихы бар ғылымның осыншалықты өзгеріске ұшырауына қарап, заманауи экология серпінді дамушы ғылым деген қорытынды жасауға болады», – деді Әбілғазы Құсайынов.
Жалпы алғанда, Әбілғазы Құсайынов пен жұмысшылар арасындағы кездесу мазмұнды әрі қызықты өтті.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар