Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Кеше Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Республикалық қоғамдық штабы мүшелері аймақтар бойынша насихат жүргізу үшін жолға шықты. - АРҚА АЖАРЫ

Кеше Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Республикалық қоғамдық штабы мүшелері аймақтар бойынша насихат жүргізу үшін жолға шықты.

Осы орайда насихат тобының ең алдымен Қарағанды облысына ат басын бұруы бекер емес. Себебі, Ұлт Көшбасшысының еңбек жолы дәл осы жерден бастау алған болатын.
Делегация құрамында – Республикалық қоғамдық штаб жетекшісі Мұхтар Құл-Мұхаммед, Қазақстан Патриоттары партиясының төрағасы Ғани Қасымов, «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев, «Бірлік» партиясының төрағасы Серік Сұлтанғали, «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов, ҚХА Төрағасының орынбасары Анатолий Башмаков, қоғам қайраткері Оралбай Әбдікәрім, Мәжіліс депутаттары Майра Айсина, Асқар Базарбаев, Мұхтар Тінікеев және Серікжан Қанаев, Сенат депутаты Мұхтар Алтынбаев, Қазақ тағамтану академиясының президенті Төрегелді Шарманов, Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев және басқа да танымал қазақстандықтар бар.
Еліміздің өндіріс орталығында аймақ активтерімен, студент жастармен, кәсіпкерлермен, «Арселор Миттал Темиртау» АҚ шахтерлерімен және этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен бірқатар кездесулер өтті.
Қарағандылықтар үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы үшін Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа алғыс білдірді. Осы бағдарлама аясында соңғы 5 жылда облыста 59 кәсіпорын іске қосылып, 5000 жаңа жұмыс орны ашылды.
Аймақтың қоғам қайраткері Татьяна Савицкая қазақстандық әйелдер қауымы атынан елімізде орнаған бейбітшілік, тұрақтылық пен тыныштық үшін Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа шексіз ризашылығын жеткізді.
Республикалық қоғамдық штаб жетекшісі атап өткендей, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың саясатының арқасында Қазақстан елімізді дамудың жаңа деңгейіне көтеретін ұлы өзгерістерге қарай қадам басқалы тұр.
Кездесулерге мыңдаған қарағандылық қатысты. Өз сөздерінде олар Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың саясатының арқасында Қазақстан зор жетістіктерге қол жеткізгенін атап өтті.
Халық мемлекетімізді мықты көшбасшы басқарғанын қалайды. Сол себепті, Орталық Қазақстанның тұрғындары бірауыздан 2015 жылы 26 сәуірде республикамыздың гүлденуі үшін, яғни, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев үшін дауыс беретіндерін мәлім етті.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар