Кездесуде Қазақстан Коммунистік халық партиясы (ҚКХП) Ақмола облыстық комитетінің бірінші хатшысы Б.Д.Мәжитов модератор болды.
Тұрғын Сыздықов өз сөзінде батыстық мәдениеттің көлеңкелі ықпалы туралы мәселе көтерді.
«Голливудтық фильмдер мен батыстық компьютерлік ойындар да зорлық-зомбылыққа толы. Батыстық мода күнделікті киіп жүрген киімдердің еліктер үлгісі болудан қалды.
Бүгінде батыстық мәдениеттің негізінде не жатыр – зорлық-зомбылық пен өңшең адамгершілікке жат қылықтар, өзін-өзі жетілдіруге, дамытуға деген құлшыныс жоқ.
Батыстық тамақтану жүйесі, өлшеусіз көлемде фаст-фуд тұтыну адамдардың денсаулығын қауіпке тігіп отыр.
Бұл жүйе аз шығынмен мол табыс табуды ғана мақсат тұтады.
Зиянды азық-түлікті тұтынудың салдарынан түрлі ауру-сырқаулар туындауда.
Дұрыс тамақтанбау және салауатты өмір салтын ұстанбаудың кесірінен семіздікке, ақыл-естің ауытқуы сынды түрлі дерттерге шалдыққан елдер рейтингінде Батыс мемлекеттері алда келеді», – деп атап өтті Тұрғын Сыздықов.
Сондай-ақ, Тұрғын Сыздықов «Көкшетау минералды сулары» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысшыларымен кездесті.
Іс-шараны ҚКХП Ақмола облыстық комитетінің бірінші хатшысы Б.Д. Мәжитов ашты.
«Барлық компьютер ойындарында балалардың санасына терең бойлап, агрессия тудыратын вирустар бар.
Батыстан ескен зорлық-зомбылыққа негізделген насихат адамды ақыл-естен, парасаттан айырады.
Шетелдік киім-кешек, музыка, фильм-дер мен сериалдар жастарды «дұғалап» қойғандай. Батыстық өмір сүру салтының кесірінен бала туу деңгейі төмендеп, жастар жауапкершіліктен қашуда.
Тіпті, Батыстағы мультфильмдердің түр-тұрпаты жоқ кейіпкерлері бір-бірін балағаттап, қырып-жойып жатады. Мұның бәрі жоғарыда атап өткен күрделі мәселелердің бірден-бір себебіне айналды. Дәл осындай батыстық өнімдер балаларымызды қатыгездікке, арсыздыққа тәрбиелеуде.
Голливудтық стандарттардың бәрі тек табыс табуға негізделген.
Соның салдарынан Батыста адамдар бір-бірімен араласудан қалды», – деді Тұрғын Сыздықов.