Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Олқы тұстарды алға тарту керек - АРҚА АЖАРЫ

Олқы тұстарды алға тарту керек

Кеше облыс әкімі Сергей Кулагиннің төрағалығымен өткізілген кезекті әкімдік мәжілісінде 2015 жылғы қаңтар-ақпан айларындағы облыстың әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелері, көктемгі дала жұмыстарына дайындық, көктемгі су тасқынының алдын алу тәрізді айрықша маңызды мәселелер қаралып, бірқатар шаралар белгіленді.

Әкімдік мәжілісіне облыстық мәслихаттың хатшысы Нина Дьячек, облыс әкімінің орынбасарлары, аудан, қала әкімдері, департаменттер мен басқармалардың, мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялардың басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Мәжілісте таяуда Еңбекшілдер ауданының әкімі болып тағайындалған Асқар Қиықов ант берді.
Әкімдік мәжілісінде бірінші кезекте облыстың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы мәселе қаралды. Осы тақырыпта облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Бауыржан Мәлғаждаров баяндама жасады. Шешен өз сөзінде қаңтар-ақпан айларында өндіріс көлемі 39,6 миллиард теңгені құрағандығын айтып өтті. Содан соң нақты талдауларды байыптап қарағанда, тау-кен өндіру өнеркәсібінің белгіленген межеге жете алмағандығы айқын көрінді. Өңдеу өнеркәсібі саласында да жұмысты ширату қажет. Есесіне өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда азық-түлік өндірісінде аздаған серпіліс бар. Сусын өндіру ісінде минералды сусындарды өндіру көлемі өссе, керісінше алкогольдік өнімдердің шығарылымы азайған. Оның негізгі себебі, акциздардың қымбаттауынан. Машина жасау саласында өнім көлемін кемітіп алғандардың қатарынан Степногорск подшипник зауытын атауға болады. «Қамқор-Локомотив» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің тиісті кезеңдегі көрсеткіші 76,2 пайызды ғана құраған.
Нақты көлем индексі облыстың 10 ауданында қамтамасыз етілген. Олардың ішінде алдыңғы лекте Ақкөл, Астрахан, Бурабай, Егіндікөл, Жарқайың, Зеренді, Целиноград, Жақсы аудандары мен Көкшетау қаласын атай кетуге болады. Ал, 9 ауданда өндіріс көлемі төмендеп отыр. Айталық, Ерейментау, Есіл, Атбасар, Бұланды, Еңбекшілдер, Қорғалжын, Шортанды және Степногорск қаласында. Баяндамашы мұнан соң кәсіпкерлікті дамыту, салық пен бюджет, әлеуметтік саладағы қол жеткізілген табыс-тар мен түйткілді мәселелерге тоқталды.
Бірінші мәселе бойынша облыс әкімі өз сөзінде жұмыста олқылықтарға жол берген басшылардың атына қатты сын айтты. Бірқатар аудандарда еңбекақының төмен екендігін атап көрсетіп, жағдайды түзетуді тапсырды. Облыс өнеркәсіп өнімдерінің көлемі жөнінен қазір 14-інші орында. Рес-публика бойынша бұл көрсеткіш 100,4 пайыз болса, бізде 95 пайыз болып отыр. Басқа нәтижелер де мәз емес. Биылғы жылға белгіленген 106 пайыздық экономикалық өсім басты міндет болуы керек.  
Алда тұрған ауқымды әрі күрделі мәселенің бірі – көктемгі дала жұмыстарын дер шағында, зор ұйымшылдықпен, мүлтіксіз өткізу. Биылғы жылы егілетін дәнді дақылдар көлемі мен техниканың дайындығы, жанар-жағармаймен қамтамасыз етілу мәселелері жайында облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Димаш Таласбаев баяндап берді. Шешен өз сөзінде ауыл шаруашылығы саласында жалпы өнімнің көлемі 9,8 миллиард теңгені құрағандығын айтып өтті. Нақты көлемнің индексі 2014 жылмен салыстырғанда 108,2 пайыз. Үстіміздегі жылы көктемгі егіс науқанында облыс бойынша 4,7 миллион гектар алқапқа дәнді дақылдар тұқымы сіңірілмек. Майлы дақылдарды себу 290,9 мың гектарға жоспарланып отыр. Картоп отырғызу көлемі өткен жылдың деңгейімен салыстырғанда біршама жоғары. Жемдік дақылдар, көп жылдық шөптер егу көлемі де ұлғайтылуда. Қазір ауыл еңбеккерлері көктемгі егіс жұмыстарына тиянақты дайындық жасауда. Мал шаруашылығы саласында ілкімді ілгерілеу деңгейі байқалады. Ірі қара мал басының саны 4,6 пайызға өскен. Бұл орайда бірқатар мемлекеттік бағдарламалардың нәтижесі айқын көрініп тұр.
Соған қарамастан, облыс әкімі кейбір аудандарда әлі көктемгі егіске тұқым қоры тапшы соғып отырған шаруашылықтардың барын да назардан тыс қалдырмады. Осының жай-жапсарын сұрастырып, білу барысында аудан әкімдері күрделі жағдай орын алмайды деп сендірді.
Ақмола облысы бойынша төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Арман Әбдіхалықов су тасқынының алдын алу шаралары туралы баяндама жасады. Қазіргі күні белгіленген шаралар қайтадан пысықталып, нақтылануда. Облыстың елді мекендерінен мыңдаған шаршы метр қар шығарылып, қардан тазалау жұмыстарына жүздеген техника бірлігі іске қосылып отыр. Екі қала мен 12 аудандағы арналық жүйелердің суағарларын тазалау жұмыстары аяқталған. «Қамданған қапы қалмайды» дегендей, наурыз айының алғашқы онкүндігінде-ақ алдын ала межеленген іс-шаралар өткізілді. Облыс аумағында Ішкі істер министрлігінің бөлімшелері, ондаған техника және суда жүзетін құрал-жабдықтары бар. Осы іс-шараларды атқаруға 88,38 миллион теңге қарастырылып отыр. 27 наурыздан бастап ерекше қауіп туғызатын тұстарды қадағалайтын бөгеттерде күні-түні кезекшілік ұйымдастырылған. Ірі су қоймаларының жай-күйін реттеу басты назарда. 12-13 наурыз күндері республикалық командалық штабтың «Көктем-2015» оқу-жаттығу жұмыстары жүргізілді. Жаттығу барысында жедел іс-қимыл отрядтарының әрекеті, жалпы дайындық деңгейі сыналды. Жаттығу жұмысына 992 адам, 437 техника бірлігі қатысты. Жаттығу қорытындысы бойынша құрылымдардың өзара іс-қимыл үйлесімділігі мен жеделдігі белгіленді.  
Облыс әкімі бұл мәселелерге де сын көзбен қарап, былтырғы Атбасар ауданында болған көктемгі су тасқынын еске салды. Сондықтан, мұндай төтенше жағдайлар қайталанбауы үшін бүгіннен бастап жергілікті жерлердегі жағдайды жіті бақылауға алып, жұмысты ширату қажет.   

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар