Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жағымды жаңалық - АРҚА АЖАРЫ

Жағымды жаңалық

Көкшетауда бүйректің қатерлі ісігіне тұңғыш рет хирургиялық скальпельсіз ота жасалды.

Қатерлі ісіктің қасіреті шарпымаған шаңырақ кемде-кем. Дауасыз дерттің атын естіген сәтте адамның қол-аяғы мұздап кететіні де жасырын емес. Облыс орталығындағы онкология диспансерінде бүйректің, тоқішектің қатерлі ісігіне тұңғыш рет күрделі ота жасалды. Астана қаласындағы Президенттің Іс Басқармасы ауруханасынан шақырылған медицина ғылымдарының докторы Серік Тоқпанов хирургиялық эндобейне құрылғысымен ота жасауды алғаш бастаған дәрігер. Білікті маман екі күн бойы диспансерде шеберлік сыныбын өткізіп, тәжірибесімен бөлісті. Бұл облыстың медицина тарихындағы елеулі оқиға. Ота жасалған екі науқастың жағдайы қазір шүкір. Дәрігерлердің бақылауында.
Бұрын мұндай оталар хирургиялық скальпельмен жасалатын. Енді іш кесілмейді, ішке арнайы бейнекамера енгізіледі. Осы әдіс арқылы науқастың ішкі құрылысын түгел бақылауға мүмкіндік бар. Артықшылығы уақыт үнемдеуде емес, науқастың сауығуында. Бұрынғыдай ота жасау барысында науқастар көп қан жоғалтпайды, пышақ жарақаты да жоқ.   
Жергілікті дәрігерлер күрделі отаның күрмеулі тұстарын айқын аңдап, білімі мен білігін жетілдіріп, алдағы уақытта өздері жасайтын болып отыр.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар