Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
29 наурыз күні Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Әбілғазы Құсайынов Елордадағы «Астана-Көгалдандыру» акционерлік қоғамы кәсіпорнында болды. - АРҚА АЖАРЫ

29 наурыз күні Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Әбілғазы Құсайынов Елордадағы «Астана-Көгалдандыру» акционерлік қоғамы кәсіпорнында болды.

Кездесу барысында Әбілғазы Құсайынов бірлестік жұмыскерлерін өзінің сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарымен таныстырып өтті.
Ә.Құсайыновтың айтуынша, ХХ ғасыр мен ХХІ ғасырдың басындағы жоғары экономикалық өсім қоршаған ортаның мүмкіндігіне мән берілмей жүзеге асырылды. Соның салдарынан таза табиғат ластанып, экологиялық проблемалар туындады.
Ә.Құсайынов жер ресурстарының тозуын табиғатты тиімсіз пайдалану салдарынан туындаған қоршаған ортаның деградациясының мысалы ретінде келтіре кетті. Топырақ деградациясы үдерісінің нәтижесінде жыл сайын шамамен 7 млн. гектар құнарлы жер ауыл шаруашылығына пайдаланудан қалып отырады. Бұл үдерістің басты себебі – урбанизация, су және жел эрозиясы, сондай-ақ, химиялық және физикалық деградация.
Осы және өзге де экологиялық мәселелерді дер кезінде шешу – адамзаттың басты міндеті, оның одан әрі тіршілік етуінің және дамуының кепілі болып табылады.
Ә.Құсайынов жұмыскерлер алдында сөйлеген сөзінде қоршаған ортаны қанша өзгертуге тырысқанымызбен, Жердегі тіршілік табиғат заңдылығы бойынша жүріп отырады деп атап өтті. Сондықтан, адамзат өркениеті орнықты дамуы үшін осы заңдылықтар мен қағидаттар бойынша жүруі қажет.
Табиғатпен үйлесімде өмір сүру – Жер бетінде Адамның өмір сүруінің негізгі принциптерінің бірі. Тіпті ежелгі философтардың өзі табиғатты оның заңдарына бағына отырып қана игеруге болатынын айтқан еді.
Ә.Құсайыновтың айтуынша, Адамның Табиғатпен өзара іс-қимылының өз ерекшеліктері бар. Адам ақыл-ой иесі және бұл оған табиғаттағы өз орнын және Жер бетіндегі мақсатын сезінуге мүмкіндік береді.
Бүгінде адам тұтастай алғанда ғаламшардағы экологиялық дамуды басқаруды өз мойнына алуға қабілетті.
Біздің бірінші кезектегі міндетіміз – табиғи ресурстарды үнемді және жос-парлы қолдану, қоршаған ортаны ластанудан қорғау, табиғи ресурстарды ұқыпты пайдалануға, қорғауға және қалпына келтіруге бағытталған халықаралық және қоғамдық шараларды, мемлекеттік бақылаудың жоспарлы жүйесін енгізу, болашақ ұрпақтардың материалдық және мәдени мұқтаждарын қанағаттандыру болуы тиіс.
Ә.Құсайынов экологиялық-ағартушылық қызмет мәселесін маңызды шара деп санайды.
–  «Біз балалардың бойына жас шағынан бастап экология туралы қарапайым білімдерді, қауіпсіз және экологиялық өмір сүру принциптерін, табиғатты және біздің айналамыздағы болмысты сақтап, аялай білу қажеттігі туралы білімдерді сіңіруге тиіспіз», – деп атап өтті Ә.Құсайынов.
Сондай-ақ, «Астана-Көгалдандыру» қызметкерлерімен кездесуде Ә.Құсайынов-тың республикалық сайлауалды штабының жетекшісі Рүстем Жоламан сөз сөйледі.
Р.Жоламан республикалық штаб қызметін ұйымдастыру жайын әңгімелеп берді, таяудағы кезеңдегі жұмыс жоспарларын баяндады.
«ҚР Президенттігіне кандидат Ә.Құсайынов адам өміріндегі маңызды мәселеге – ғаламшардағы экологияны және биологиялық әралуандықты сақтау мәселелеріне жұртшылықтың назарын аударуға ниетті».

***

 

Кеше Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Әбілғазы Құсайынов алматылық «Белкамит» ЖШС кәсіпорнында болды және №7 қалалық балалар емханасының қызметкерлерімен кездесті.
Әбілғазы Құсайынов кездесулерге қатысушыларды өзінің сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарымен таныстырды, олардың өзектісі – экология мәселелері. Кандидаттың айтуынша, бүгінде адамзаттың ең өзекті проблемалары – Жердегі климаттың өзгеруі, әуе алабының ластануы. Бұл проблемаларды кешіктірмей шешу – адам баласының одан әрі өмір сүруінің және ойдағыдай дамуының кепілі.
Сондай-ақ, кездесуде  Ә.Құсайыновтың республикалық сайлауалды штабының жетекшісі Рүстем Жоламан сөз сөйлеп, республикалық штаб жоспарын таныстырды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар