Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында БАҚ өкілдерімен брифинг болып өтті.
Брифинг аталған соттың құрылғанына бес жыл толуына арналды. Шарада журналистер кез-келген сот отырысына қатыса алатынын тілге тиек еткен сот төрағасы Бауыржан Баймырзин «Сот кабинеті» электронды сервисі, сот жүйесіне енгізілген жаңа ақпараттық технологиялар жайлы да сөз қозғады.
Сондай-ақ, брифингте қоғамда пікір тудырған қылмыстық істер турасында да айтылмай қалмады. 2013 жылы бұл сотта алқабилердің қатысуымен 21 іс қаралып, оның 20-сына үкім шығарылған. Осылардың ішінде жасөспірімдерге және әйелдерге қатысты істер де бар. Ал, өткен жылы келіп түскен 67 қылмыстық істің 8-і алқабилермен қаралып, он адам түрлі мерзімдік жазаға кесілген.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.