Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қазақстан халқының басым көпшілігі сайлауға баруға дайын - АРҚА АЖАРЫ

Қазақстан халқының басым көпшілігі сайлауға баруға дайын

 Қазақстан халқының басым бөлігі кезектен тыс сайлау өтетіндігі жайында хабардар және олар өз кандидатына дауыс беруге әзір. Бұл туралы бүгін Астанада Демократия институтының директоры Юлия Кучинская мәлім етті.

  Атап айтқанда, зерттеу барысында еліміздің барлық өңірлерінде 18 жастан жоғары 2 мың респондент сұралған.
«Егер сауалнама нәтижелеріне тоқталатын болсақ, бүгінде қазақстандықтардың электоралдық ақпараттану деңгейі 92 пайызға жетіп отыр. Яғни, сауалнамаға қатысқандардың дәл осындай көрсеткіші 26 сәуірде Қазақстанда ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы өтетіндігі жайында білетіндігін мәлім етті», – деді сарапшы.
«Сонымен қатар, респонденттерге «сайлау учаскесіне барып, дауыс беруге дайынсыздар ма?» деген сауал қойылды. Осы орайда, сайлауда дауыс беруге олардың 93 пайызы ниет білдірді», – деді ол.
Бұл тұрғыда электоралдық белсенділіктің ең жоғары деңгейі 18-24 жастағалардың арасында, студенттер, бюджет қызметкерлерінің, ауыл тұрғындарының, сондай-ақ, зейнеткерлік жастағы және басқа респонденттердің арасында байқалды. Осы бағытта қалалықтармен салыстырғанда, ауыл тұрғындарының белсенділігі жоғарылау көрінеді.
Аталған институт «Қазақстанның Азаматтық альянсы» ЗТБ тапсырысымен электоралдық кезеңде қазақстандықтардың белсенділігін анықтау бойынша сауалнаманы 2015 жылдың 15-25 наурызы аралығында жүргізген.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар