Облыстық кәсіпкерлер палатасы Еңбекшілдер аудандық филиалының мұрындық болуымен Степняк қаласында балалардың ойын-сауық орталығы ашылмақшы.
4,5 миллион теңгеге бағаланған бұл жобаны қолға алған жергілікті кәсіпкер Борис Курган қала паркін абаттандырып, инфрақұрылымын дамытуды ұсынған көрінеді.
Кәсіпкер осында кеңес заманынан бері қаңтарылып тұрған «Як-40» ұшағын жөндеп, балалар кафесін ашуды көздеп отыр. Сондай-ақ, мұнда әртүрлі ойындар ұйымдастыру, қолданбалы өнер көрмесі мен жәрмеңкелер өткізу қарастырылуда.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Еңбекшілдер ауданы.