Ақмырза, Новомарковка орта мектептерінде жоғары сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру мақсатында кездесулер ұйымдастырылды.
Жиында сөз алған облыстық кәсіпкерлік палатасы аудандық филиалының басшысы Серік Көшкінбаев жұмысшы мамандығы әр уақытта мәртебелі кәсіптің бірі екендігін атап өтті.
Ал, №8 агротехникалық колледж директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ерғали Жахин оқушыларға оқуға қабылдау ережесін баяндап берді. Білім ордасы тігінші, аспаз, автотехник, тағы басқа мамандықтар бойынша оқытады. Мәжілісте жастардың мамандық таңдауда жаңылыспай, оған үлкен мән беруі керектігі баса айтылды.
Людмила МАРКОВА.
Ерейментау ауданы.