Облыс әкімі Сергей Кулагин Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына дайындық барысын талқылау мақсатында облыстық сайлау комиссиясының мүшелерімен кездесті.
Облыс әкімі Президент сайлауының еліміз үшін аса маңызды қоғамдық-саяси оқиға екендігін, сондықтан, оған дайындықтың аймақта жүз пайыздық деңгейде болуы қажеттігін атап өтті. Кездесу барысында алдағы сайлауға әзірлік жайын облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Әділхан Шаяхметов баяндады. Оның айтуынша, сайлауға дайындық пен оны өткізуге байланысты барлық шаралар Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы бекіткен күнтізбелік жоспарға сай жүргізілуде. Бүгінде бұл іске облыста құрылған 828 сайлау комиссиясы атсалысуда. Учаскелік сайлау комиссиялары Орталық сайлау комиссиясынан жеткізілген қажетті материалдармен толықтай қамтамасыз етілген.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.