Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қыста кенже қалып отыр - АРҚА АЖАРЫ

Қыста кенже қалып отыр

 «Нұр Отан» партиясының Ақмола облыстық филиалында партияның облыстық және қалалық мәслихаттардағы фракцияларының бірлескен отырысы болып өтті. Жиында Бурабай өңірінің туристік әлеуетін дамыту мәселелері қаралды.

  Партияның Есіл аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әнел Ерденованың төрайымдылығымен өткен фракция отырысы барысында алдымен, облыстық туризм басқармасының басшысы Шынарбек Батырханов сөз алып,  Щучинск-Бурабай курортты аймағының даму перспективалары жайлы сөз қозғады.  Негізінен аталған аймақта 126 шипажайлық-курорттық орын, соның ішінде балалардың демалыс орталықтары,  қонақ үйлер мен отельдер, демалыс базалары бар. Былтырдың өзінде мұнда 103 мыңнан астам адам тыныққан. Дегенмен, фракция мүшелері аталған дәйектердің растығына күмән келтіріп отыр. Оны басқарма басшысының өзі де растады. Себебі, келушілер саны тек статистика орындарына есеп беретін демалыс нысандары бойынша ғана есепке алынады. Ал, ондай деректерді бермейтіндері қаншама? Осыдан келіп тағы бір мәселе туындайды. Ол – жұмыста жүйенің жоқтығы. Ең алдымен, Бурабайдың демалысқа нақты қанша адамды қабылдауға қауқарлылығын анықтап алған жөн. Қаңырап бос тұрар қажетті-қажетсіз нысандарды сала бергеннен ұтпайтынымыз анық.
Бурабайдағы демалыс тым қымбат деушілер көп. Жиында мұнда табысы жоғары адамдарға арналған бес жұлдызды отельдерден бастап, орта тапқа және балаларға арналған демалыс орындары бар екені айтылды. Олардың бағасы 20 мың теңгеден 2,5 мың теңге  аралығында. Әркім көрпесіне қарай көсіледі. Бурабайда тек жазғы демалыста ғана емес, қысқы туризмді де дамытқан жөн.  
Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Бауыржан Мәлгаждаров, Бурабай аудандық туризм бөлімінің басшысы Рүстем Қасымов, облыстық мәслихаттың депутаты Қайрат Сұлтанов, «Бурабай» ұлттық паркінің директоры Әліби Ғазиз өз сөздерінде бұдан басқа түйткілді мәселелерді де ортаға салды. Шара соңында қаралған мәселелер бойынша бірқатар нақты ұсыныстар қабылдады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар