Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
2015 жылғы 1 сәуір күні Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Н.Ә.Назарбаевтың Республикалық қоғамдық штабының мүшелері Семей қаласында Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагерлерімен, өңірге танымал, құрметті адамдармен, ақсақалдармен, әскерилерме - АРҚА АЖАРЫ

2015 жылғы 1 сәуір күні Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Н.Ә.Назарбаевтың Республикалық қоғамдық штабының мүшелері Семей қаласында Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагерлерімен, өңірге танымал, құрметті адамдармен, ақсақалдармен, әскерилерме

Делегация құрамында – Республикалық штабтың жетекшісі Мұхтар Құл-Мұхаммед, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек, Қазақстанның Патриоттар партиясының төрағасы Ғани Қасымов, «Ақ жол» Демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев, «Бірлік» партиясының төрағасы Серік Сұлтанғали, Қазақстандық мүгедектер конфедерациясының президенті  Жанат Омарбекова, Парламент Мәжілісінің депутаттары Бақытжан Ертаев, Төлеген Ибраев, Нұртай Сәбильянов,  Қазақстанның күрес федерациясының құрметті президенті Дәулет Тұрлыханов және басқалар болды.
Абай атындағы кітапханадағы кездесу кезінде Семей тұрғындарының Нұрсұлтан Назарбаевқа ерекше ілтипатпен қарайтыны атап өтілді. Өйткені, ол Семей полигонындағы ядролық сынақтарға тоқтау салды.
«Ядролық полигонды жаба отырып, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бүкіл әлемге ол үшін ең бастысы: туған халқының өмірі, денсаулығы, мақсат-мұраттары мен болашағы екенін көрсетті. Осы ұлы қадамы үшін семейліктер бүкіл әлемде ядролық қаруға қарсы қозғалыстың танылған көшбасшысы біздің Елбасымызға президенттік сайлауда шын жүректен қолдау көрсететініне сенімдімін», – деп атап көрсетті Республикалық қоғамдық штабтың жетекшісі Мұхтар Құл-Мұхаммед.
Кездесу барысында «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты бизнестің жаһандық экономикалық тұрақсыздыққа қарсы тұруына мүмкіндік береді, ал бес институционалдық реформалар орта таптың одан әрі жедел қарқынмен қалыптасуына жағдай туғызады», – деп атап өтті.
Семей активі алдында сөз сөйлеген Патриоттар партиясының төрағасы Ғани Қасымов Нұрсұлтан Назарбаевты еліміздің басты патриоты деп атады. «Сондықтан, республикамыздың барлық патриоттары Елбасына дауыс береді», – деп мәлімдеді Ғ. Қасымов.
«Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев: «Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында Қазақстанда шағын және орта бизнес дамып, кәсіпкерлерге барлық жағдай жасалған», – деп атап өтті.
«Бірлік» партиясының төрағасы Серік Сұлтанғали Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанды әлемдік көшбасшы елдер қатарына қосқан кемеңгер қайраткер екеніне тоқталып өтті.
Семей тұрғындары шығыс өңірді қарқынды дамып келе жатқан аймаққа айналдырғаны үшін, сондай-ақ жаңа жұмыс орындары, озық кәсіпорындар құрылып, заманауи тұрғын үй кешендері мен сапалы жолдар салынып жатқаны үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа шын жүректен алғыстарын жеткізді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар