Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қажырлы еңбектің нәтижесі - АРҚА АЖАРЫ

Қажырлы еңбектің нәтижесі

31 наурызда Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Республикалық қоғамдық штабының мүшелері Өскеменде Үлбі металлургиялық зауытының жұмысшыларымен, жастар белсенділерімен және Шығыс Қазақстан облысы халқын әлеуметтік қорғауды үйлестірумен айналысатын ҮЕҰ өкілдерімен кездесті.

  Делегация құрамында – Республикалық қоғамдық штабтың жетекшісі Мұхтар Құл-Мұхаммед, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек, Қазақстанның Патриоттар партиясының төрағасы Ғани Қасымов, «Ақ жол» Демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев, «Бірлік» партиясының төрағасы Серік Сұлтанғали, Қазақстандық мүгедектер конфедерациясының президенті Жанат Омарбекова, «КТК» меншікті хабар тарату директоры Артур Платонов, Қазақстан Республикасы кен-металлургия өнеркәсібі  еңбекшілері кәсіподағының төрағасы Асылбек Нұралин, Парламент Мәжілісінің депутаттары Бақытжан Ертаев, Төлеген Ибраев, Нұртай Сәбильянов, Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова және басқалары бар.
Өскемен қаласында Үлбі металлургиялық зауытының тантал өндірісі цехының жұмысшыларымен кездесу болды.
«Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жасампаздық қызметінің жемістері жұрттың бәрінің көз алдында. Олар қазір осында – Шығыс Қазақстанда да қатысып отыр, олар біздің Отанымыздың барлық инновациялық өнімдерінің бестен бір бөлігін беруде. Бұл тағдырдың сыйы емес, Ұлт Көшбасшысының зор қажырлы еңбегінің нәтижесі.  
Біз шығысқазақстандықтар Мемле-кетіміз басшысын қолдауда ең жоғары нәтиже көрсететініне сенімдіміз», – деп атап көрсетті кездесуде Республикалық қоғамдық штаб жетекшісі Мұхтар Құл-Мұхаммед.
Өз кезегінде зауыт қызметкерлері Н.Ә.Назарбаевқа қолдау көрсететіндерін білдірді. «Зауыт жастары Мемлекетіміз басшысының стратегиялық жоспарларын қолдайды және біз осы орасан зор міндеттерді жүзеге асыруға барлық күш-жігерімізді жұмсаймыз. 26 сәуірде біздің алдымызда маңызды міндет – өз болашағымызды таңдау міндеті тұр. Егер біздің жастарымыз біздің Көшбасшымыз сияқты кәсібіне берілген тұлғаларға қарап қатар түзейтін болса, Қазақстанның табысқа және игілікке кенелері сөзсіз. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанды қуатты, берік және гүлденген елге айналдыратынына сенімдімін!», – деді «ҮМЗ» АҚ жастар бірлестігі кеңесінің мүшесі, бериллий өндірісінің инженері Ринат Құдабаев.  
Бұл ірі өнеркәсіп кәсіпорнында жоғары қамтымды тантал ұнтағы, бериллийден жасалған бұйымдар шығарылады, атом стансалары үшін отын шығаратын толық цикл жасалуда.
 «Сіздің зауыт 65 жылдық тарихы бар бірегей кәсіпорын. Бүгінде мұнда 4000-ға жуық адам еңбек етеді. Естеріңізге түсіріңіздерші, осыдан 20 жыл бұрын елде шахталар мен кәсіпорындар жабылып, жалақы мен зейнетақы төленбей, жұмыс жоқ кезең болған еді. Алайда, біз осы қиын кезді артқа тастадық. Біз күшті мемлекетке айналдық, елде едәуір өзгерістер орын алды және бүгін осындай жауапты, тарихи сәтте Нұрсұлтан Назарбаевқа қайтадан қолдау көрсететін уақыт келіп жетті. Тек қана
Елбасымен бірге жаңа ұлы жеңістерге жетеміз!», – деп атап өтті «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек «ҮМЗ» АҚ жұмысшыларымен кездесу барысында.
Сапар кезінде РҚШ мүшелері «Үлбі» мәдениет үйінде, Оқушылар шығармашылық сарайында, Металлургтер мәдениет үйінде болып, халықты әлеуметтік қорғау мәселесімен айналысатын үкіметтік емес ұйымдармен, студент жастармен және профессорлық-оқытушылық құраммен кездесті.
Іс-шараларға Өскеменнің мыңдаған тұрғындары қатысты. Өскемендіктердің айтуынша, Елбасының басшылық етуімен Тәуелсіздіктің 23 жылында Қазақстан Республикасының берік іргетасы қаланды.
«Республикада 130 ұлттың өкілдері, Шығыс Қазақстан облысының өзінде ғана 105 ұлт өкілдері тұрады. Егемен мемлекет құрылысының басынан бастап біздің Ұлт Көшбасшысы ұлтаралық бірлікті, келісім мен тұрақтылықты, экономикалық гүлдену негізінде әлеуметтік бағдарланған күшті демократиялық мемлекет құруды басты міндет етіп қойды. Біздің Елбасымыздың саясатының арқасында Қазақстандағы кез келген ұлттың және конфессия өкілдерінің әрқайсысының дауысы жарқын естіледі», – деп атап көрсетті өз сөзінде Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Лео Шик.
Республикалық қоғамдық штаб баспасөз қызметінің хабарлауынша, Шығыс Қазақстан облысында 20 қоғамдық штаб құрылды, 3000-нан астам сенімді өкіл және жастар белсенділері іске кірісті.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар