Ижев селолық округінің «Жеңіс» волейбол командасы «Балдәурен» қоғамдық қорының қолдауымен аймақтық турнир ұйымдастырды.
Жарысқа Константиновка, Волгодоновка селолық округтері мен Түрген ауылдық округінің, сондай-ақ, «Вечерняя Астана», Астана қаласының 14776 әскери бөлімінің командалары қатысты.
Аймақтық турнир қызықты өтті. Әр команда да жеңіс тұғырынан көрінуге тырысты. Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орын Астана қаласының 14776 әскери бөлімінің еншісіне бұйырды. Ал, екінші және үшінші орындарға ижевтіктер мен Волгодоновка селолық округі қол жеткізді. Данияр Мұхамбетов, Константин Гусев, Ерсұлтан Құлтаев үздік ойыншылар қатарынан көрінді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Аршалы ауданы.