Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ажырасу көрсеткіші өсіп отыр - АРҚА АЖАРЫ

Ажырасу көрсеткіші өсіп отыр

«Нұр Отан» партиясының «Бақытты отбасы» әлеуметтік жобасы аясында Көкшетау қалалық әділет басқармасының ғимаратында жас отбасылар үшін арнайы семинар-тренинг өткізілді.

Шараны «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов кіріспе сөзбен ашып, онан әрі психолог, дәрігер мамандар отбасы институтын нығайту, жас жұбайлардың репродуктивтік денсаулықтарын сақтау жөнінде қатысушыларға кең мағлұмат берді. Келтірілген мәліметтерге сүйенсек, қазіргі таңда облысымызда әрбір үшінші отбасы ажырасуға арыз береді екен. Егер 2013 жылы 2516 жұп неке шартын бұзса, өткен жылы 2788, ал, биылғы жыл басынан бері 580 отбасы ажырасқан. Мамандардың айтуынша, жұптардың көбі мінездерінің сәйкессіздігін  сылтауратып, ажырасуға арыз беретін көрінеді.
Бұл деректер облысымызда ажырасу көрсеткішінің жыл санап өсіп келе жатқандығын аңғартады. Шаңырақтың шаттығын келтіріп, отбасына қуаныш сыйлайтын бала екені де кездесуде айтылмай қалмады. Өңірімізде бедеулікке шалдығу, түсік жасау фактілерінің азаймай келе жатқандығының негізгі себебін дәрігерлер  салауатты өмір салтын ұстанбау, есірткі, ішімдікке салыну, жыныстық қатынасқа ерте түсумен түсіндіреді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының ана мен бала денсаулығын қорғау бөлімінің жетекшісі Арайлым Қалабаеваның сөзіне қарағанда, бүгінгі таңда түрлі себептермен бедеулікке шалдыққан 530 отбасы аталған мекеменің тіркеуінде тұр. Кездесуге  қатысушылар түрлі тренингтер  өткізіп, пікір алмасты.  

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар