Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бірауыздан қолдауға ниет білдірді - АРҚА АЖАРЫ

Бірауыздан қолдауға ниет білдірді

 Кеше, 2015 жылдың 6 сәуірінде Қазақстан Республикасы Президенттігіне үміткер Н.Ә.Назарбаевтың Республикалық қоғамдық штабының мүшелері Алматы облысында болды.

  Бұл жерде олар студенттік жастармен, «Қорғас — Шығыс қақпасы» АЭА-ның  (арнайы экономикалық аймақ) қызметкерлерімен жүздесті, сондай-ақ, Ұлт Көшбасшысының мыңдаған жақтастарының Форумына қатысты.
Делегация құрамында – Республикалық қоғамдық штаб жетекшісі Мұхтар Құл-Мұхаммед, Қазақстанның «Ауыл» социал-демократиялық партиясының төрағасы Ғани Қалиев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҮЕҰ өкілдері, ғылыми және шығармашыл зиялы қауым, белгілі қоғам қайраткерлері және басқалары бар.
 «Жастар» спорт сарайында Талдықорған қаласының 6 мыңнан астам тұрғындары, соғыс және еңбек ардагерлері, Жетісудің танымал және құрметті азаматтары, қоғам және мәдениет қайраткерлері, этномәдени бірлестіктердің, үкіметтік емес және кәсіподақ ұйымдарының өкілдері, студенттік жастар мен спортшылар жиналып, Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевқа өз қолдауларын білдірді.
«Біз, қазақстандықтар, шын мәнісіндегі бақытты халықпыз! Көптеген елдер екі халықтың арасындағы бейбітшілікті сақтай алмай отырғанда, Қазақстанның тамаша жерінде 100-ден астам ұлт бейбітшілік пен келісімде өмір сүруде. Егер  біз оны сақтап қалғымыз және арттыра түскіміз келсе, мен баршаңызды Елбасымызға дауыс беруге шақырамын. Күш – бірлікте!»  – деген үндеу тастады сөйлеген сөзінде ҚХА мүшесі, Алматы облысының құрметті азаматы Светлана Гаитова.
Республикалық қоғамдық штаб мүшелерінің І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің студенттерімен кездесуі барысында облыс жастарының бірауыздан Елбасы есімімен байланысты жарқын болашақ үшін дауыс беруге дайын екендігі атап өтілді.
«Жастар барлық уақытта да өз халқының үкілеген үміті болған. Бүгінгі студенттер – ол ертеңгі күндегі инженерлер, ұстаздар, дәрігерлер. Бүгін Президент бізге зор қамқорлық көрсетуде. Ертеңгі күні біз жауапты қадам жасап – Отанымызды өз қамқорлығымызға алуға тиіспіз! Бұл  Ұлтымыздың Көшбасшысы үлгі көрсетіп, ойдағыдай жүзеге  асырып жүрген абыройлы міндет. Біз Президентпен біргеміз, біз Президентті қолдаймыз!» – деді жетісулік жастардың атынан сөз сөйлеген, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің жас ғалымы Дамир Дигай.  
Сондай-ақ, РҚШ мүшелері Панфилов ауданында орналасқан «Қорғас — Шығыс қақпасы» АЭА-ның жұмыскерлерімен жүздесті. «Казстройкомпания» Бас директоры Әділжан Тұрсынжанов «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауында елдің инфрақұрылымдық дамуы мен экономикасын көтеруге ерекше көңіл бөлінгеніне тоқталды.
«Нұрлы жол» шеңберінде бірінші «құрлық порты» кешені мен  «Қорғас — Шығыс қақпасы» АЭА құрылысы аяқталып, жаңа шетелдік инвестициялар тартылып,  экономикамыз нығая түседі. Біздің ұжымның бірауыздан Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кандидатурасын қолдап дауыс беретініне сенімдімін», – деп атап өтті ол.
Түстен кейін Республикалық қоғамдық штаб мүшелері Талғар ауданы ауыл шаруашылығы қызметкерлерімен кездесті. «Баденко Ю.А» шаруа  қожалығының басшысы Юрий Баденко өз шаруашылығының «Агробизнес -2020» бағдарламасы бойынша жұмыс істеп жатқанын әңгімелеп берді.
«Біз көмек қаржысы түріндегі мемлекеттік қолдау шараларын сезінудеміз, бұл бизнесті дамыту үшін кәсіпкерлерімізге барлық жағдайдың жасалып жатқанын көрсетеді. Осының бәрі де біздің Президентіміздің еңбегінің арқасы», – деп атап өтті Ю.Баденко.
Алматы облысының тұрғындары, Мемлекет басшысының жерлестері бірауыздан Елбасын қолдауға ниет білдірді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар