Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Күрделі кезеңнен ысылып шықты - АРҚА АЖАРЫ

Күрделі кезеңнен ысылып шықты

Кеше Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Тұрғын Сыздықов республикалық сайлауалды штабында кезекті жиналысын өткізді.

Ол: «мен Астана, Көкшетау, Петропавл және Қостанай қалаларында студент, оқытушы және өндіріс орындарының өкілдерімен кездестім. Мен оларға, біздің партияның кешегі күнін ой елегінен өткізіп, күрделі кезеңнен ысылып шыққандығын жеткіздім. Біз өз жұмысымызды әділ қоғам туралы маркстік-лениндік түсініктерді сақтай отырып құруға және осы арқылы әділетсіз тұстарын жоюға тырысамыз» – деді.
Сондай-ақ, ол сайлаушыларын мазалап жүрген, коммунистік партия тұғырнамасындағы дәстүрлі ұстанымдар туралы ой бөлісті. «Студенттер мен жұмысшылар біздің ұстанымымыз ескіріп, қазіргі заманның талаптарына жауап бере алмайды деген пікірлерін білдіргенде, мен оларға ғылыми коммунизм классиктерінің сөздері мен тезистерін мысалға келтірдім: «материализм негізіне құрылған марксизмнің күші мен өміршеңдігін тарихи дамудың әрбір қадамы дәлелдеп отыр».
Сондай-ақ, батыстық мәдениеттің үздік көрінісі мен оның қазіргі заманда адамдар көп еліктейтін мысалдары туралы пікірлер айтылды.
Алматы қаласында Қазақстан Респуб-ликасының Президенттігіне кандидат Т.Сыздықовтың сайлауалды штабы атқарылып жатқан жұмыстары туралы айтты.
«Бүгін қалалық сайлауалды штабы ҚР Президенттігіне кандидат Т.Сыздықовты қолдау үшін қала тұрғындарымен іс-шаралар өткізуде», – деді қалалық партия комитетінің жетекшісі Е.Бейсембаев.
Оның маркстік-лениндік идеяларға негізделген сайлауалды тұғырнамасы Қазақстан Коммунистік Халықтық партиясының идеяларын насихаттайды.
Тұтынушылыққа деген бетбұрыс жастардың бағдарын өзгертеді. Осы ықпалға көніккендердің өз күшімен жетістікке жетуге деген ықыластары жойылып, «дайын асқа тік қасық» қасиеті қалыптасады.
Кандидаттың сенімді тұлғасы, ҚКХП мүшесі Ирина Смирнова: «сайлауалды насихат кезінде партия батыстық мәдениет пен құндылықтардың көлеңкелі әсеріне баса назар аударатын болады.
Қалыптасқан құндылықтарға қарамастан, зорлық-зомбылыққа, азғындыққа толы және тез пайда табуды көздейтін киноблокбастерлер мен Интернет материалдары – қазіргі батыстық мәдениеттің өнімдері».
Сонымен қатар, Павлодар аймақтық сайлауалды штабы атқарылған жұмыстары туралы есеп берді.
Облыстық комитеттің жетекшісі Г.Нұғыманова: «ҚКХП ұсынған Президенттікке кандидат Т.Сыздықовтың сайлауалды насихат жоспарына сәйкес біз сайлаушылар арасында сапалы насихат жұмыстарын жүргізудеміз.
ЕҚЫҰ халықаралық бақылаушылары, журналистер және аймақтық қоғамдық бірлестіктердің өкілдерінің қатысуымен сайлауалды штабтың танытымына арналған дөңгелек үстел ұйымдастырдық.
ҚКХП өзінің науқанын жоспарға сай өткізуде, барлық бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс орнатылған. Тұрғындармен белсенді түрде кездесулер өткізіп, сайлауалды тұғырнамамызды түсіндірудеміз.
Тұрғын Ысқақұлының сайлауалды тұғырнамасының маңызды сәттеріне тоқталып өтсем.
Батыстың кемшіліктері әсіресе, мәдениет саласында анық байқалады, себебі, тұтынушылық сана, көп жағдайда жеке бастың қамын өмірдің мәні деп қарастырады».
Өз кезегінде кандидаттың Павлодар облысындағы сенімді тұлғасы Н.Рақымжанов: «насихат жұмыстары барысында аудан тұрғындарымен кездесіп кандидатымыздың сайлауалды тұғырнамасымен таныстырудамыз.
Өздерінің түрлі сұрақтарымен және кеңес алу үшін біздің штабқа көптеген сайлаушылар келуде» – деді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар