Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Әбілғазы Құсайынов Қызылорда қаласының жұртшылығымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Әбілғазы Құсайынов жиын қатысушыларын экология саласына негізделген өз сайлауалды бағдарламасының басты бағыттарымен таныстырды.
Ә.Құсайынов жиынға қатысушыларға жаһандық экологиялық қызметтің негізгі векторлары туралы баяндап, табиғатты қорғау мәселесінде ғылымның маңызына ерекше тоқталды. Оның айтуынша, бұл – экологиялық қауіпсіздік, климат пен су ресурстарын, «жасыл» технологияны зерттеу жұмыстарын қоса алғанда, бірталай міндеттер кешенін қамтитын маңызды мақсат.
Кандидаттың айтуынша, әлемде күні бүгінге дейін экологиялық проблемаларға тиісті назар бөлінбей келеді.
«Әлемнің ғалымдары дабыл қағуда. 21 ғасырда, ең аз дегенде, температураның орташа жылыну деңгейі 3 градусқа жетуі мүмкін. Мұның өзі – табиғатқа аса үлкен қауіп төндіретін өзгеріс.
Бірақ, егер қауіпті газдардың атмосфераға таралуы тоқтатылмаса, бүгінгі өзгеріс бұдан да қорқынышты құбылысқа ұласуы мүмкін». Тұғырнамасымен таныстырған кандидат қазіргі заманда адамдар жаңартылмайтын табиғи ресурстарды шексіз тұтына отырып, қалпына келтіруге болатын қорлардың қайта толысуына кедергі жасауда деген пікірін жеткізді.
Осы кездесуге қатысқан кандидаттың аймақтық штабының жетекшісі Жандос Тұсмағанбетов: «Кандидатымыздың сайлауалды бағдарламасы экология мәселесіне негізделген. Бұл әлемдегі ең өзекті тақырыптардың бірі» – деді.
Кездесуді қорытындылай келе, Әбілғазы Құсайынов экологиялық күн тәртібінің маңызына тоқталып, жиынға қатысушыларды жаһандық экологиялық мәселелерге шынайы көңіл бөлуге шақырды.
Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Әбілғазы Құсайынов Астана қаласындағы өзінің кеңсесінде кезектен тыс сайлауды бақылау жөніндегі Республикалық қоғамдық комиссияның өкілдерімен кездесті.
Ә.Құсайынов комиссия мүшелеріне штаб жұмысын хабардар етті, насихат материалдарымен таныстырып, аймақтардағы шаралар мен алдағы жұмыс жоспарлары туралы айтып берді.
Кездесу барысында Қазақстан Рес-публикасы Президенттігіне кандидат Ә.Құсайынов сайлауалды насихат жұмыстарын өткізудегі жоғарғы ұйымдастырушылыққа баға берді.
«Аймақтарда болған кезімде сайлауалды штабтар жұмысының жоспарлы түрде жүріп жатқандығына көз жеткіздім.
Өз кезегінде Орталық және аумақтық комиссиялар біздің штабтың қызметкерлеріне уақытылы және сапалы көмек көрсетуде.
Менің ойымша, Қазақстанда сайлау насихатын өткізуге барлық мүмкіндік жасалған. Сайлау науқанын жүргізу барысында аумақтық сайлау комиссиялары тарапынан берілген кеңестер мен бейімді заң талаптары, БАҚ-тың мәселелерді толықтай қамтуы, Орталық сайлау комиссиясы тарапынан дайындалған әдістемелік нұсқаулықтар – мұның барлығы сайлау науқанын қалыпты өткізуге толық мүмкіндік береді».
Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Ә.Құсайыновтың республикалық сайлауалды штабының жетекшісі Рүстем Жоламанның айтуынша, жұмыс қарқынды жүруде.
Республикалық қоғамдық комиссиясының төрағасы Нұрлан Ерімбетовтің айтуынша, Қазақстан Респуб-ликасы Президенттігіне кандидат Әбілғазы Құсайыновтың сайлауалды штабының қызметі қалыпты жұмыс тәртібінде өтуде.
Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Әбілғазы Құсайынов өзінің сайлау науқанын заң талаптарына сәйкес жүргізуде. Штабтың жұмысымен толықтай қанағаттандық», – деді Н.Ерімбетов.