Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Курортты аймақтың дамытылуы Үкімет назарында болады - АРҚА АЖАРЫ

Курортты аймақтың дамытылуы Үкімет назарында болады

Кеше облыс әкімі Сергей Кулагин кезекті жұмыс сапарымен Бурабай ауданында болып, бірқатар әлеуметтік-коммуналдық нысандардың құрылысымен танысты және курортты аймақты дамыту мәселелерін талқылады.

  Бұл жолы өңір басшысы Бурабай кентіндегі жаңадан салынып жатқан су тазарту нысанында болды. Аталған нысанның құрылысы «Щучинск-Бурабай курортты аймағын дамыту» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудағы маңызды жобалардың бірінен саналады.  Құрылыс жұмыстарын қолға алған «ҚазЭнергоИнвест» серіктестігі директорының орынбасары Әлихан Утивленовтің сөзіне қарағанда, 2013 жылы басталған нысанды ағымдағы жылы іске қосу жоспарланған. Жобаның жалпы құны 2,6 миллиард теңгеге бағаланып отыр. Қазіргі уақытта құрылыс алаңында 30 адам жұмыс істейді.  Нысанды толық аяқтау үшін әлі де 900 миллион теңге қаржы қажет көрінеді.
Сонымен қатар, өңір басшысы осындағы ескі жылу орталығы, Бурабай гольф клубы және құрылыс жұмысы бірнеше жыл тұралап қалған әлемде теңдесі жоқ трамплин құрылысымен танысты.
Осы орайда, облыс әкімі аудан басшылары мен мердігерлерден «Қаражат болса бәрін қатырамызға» бой ұрмай, барды бар, жоқты жоқ дегендей, әр сауалға мейлінше толымды да нақты жауап беруді талап етті. Өйткені, жуырда өңір басшысы Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовке Щучинск-Бурабай курортты аймағын дамыту мәселесін кешенді түрде үкіметтік деңгейде қарауды ұсынғанын атап өтті. Ол үшін аудан басшылары мен жауапты мекемелердің ұсыныс пікірлерін жете білу қажет.
Щучинск қаласында салынып жатқан 900 оқушыға арналған мектеп құрылысы келесі оқу жылына дейін пайдалануға берілетін болып межеленсе, жазға қарай мердігерлер қайткен күнде де нысанды тапсыруы тиіс. Өйтпеген жағдайда мердігерлер бөлінетін қаржыдан қағылып, білім ордасының пайдалануға беру мерзімі келер жылға созылуы мүмкін.  Бұл мектептің құрылысы сағыздай созылуда. Бұған әрине, қаржы уақытында аударылмаса түсіністікпен қарауға болар еді. Алайда, бұл келеңсіздік жергілікті әкімдіктегі жауапты адамдардың және мердігерлердің салғырттығы мен жауапсыздығынан орын алып отырған көрінеді. Мұндағы негізгі себеп атқарушылық тәртіптің босаңдығынан, жобалық-сметалық құжаттардың сапасыз дайындалатындығынан, оның жиі өзгеріске түсетіндігінен, инвестициялық жобаларды қорғаудың әлсіздігінен және тендерлік саясаттың тұрақсыздығынан орын алып жатқандығын өңір басшысы сынға алды.
Облыс әкімі туристік аймақтағы сапарын қорытындылай келе, мұндағы құрылыс,  экологиялық, әлеуметтік-экономикалық мәселелермен қатар, «Щучинск-Бурабай курортты аймағын дамыту» мемлекеттік бағдарламасы аясында қолға алынған барлық шаралар алдағы уақытта Үкімет деңгейінде қаралып, тұйықтан шығудың тиімді жолдары қарастырылатынын баса айтты.
Суретті түсірген Төлеген ҚОСШЫҒҰЛОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар