Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Орта жолда қалған үміт - АРҚА АЖАРЫ

Орта жолда қалған үміт

Жас мамандарды қолдау және ауылдардың әлеуетін арттыру мақсатында Елбасымыздың тікелей тапсырмасымен қолға алынған «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы елімізде осымен алтыншы жыл қатарынан жүзеге асырылып келеді. Айтулы мерзім ішінде жоғары оқу орнын бітірген жүздеген қыз-жігіт жоба аясында ауылға аттанса, керісінше, барған ауылдарынан кетіп жатқандар саны қаншама? Біздің мақаламызға арқау болған да мінеки, осы мәселе. 

Осыдан тура үш жыл бұрын газетімізге Сандықтау ауданының Ұлан ауылында «Дипломмен – ауылға!» жобасы аясында мұғалім болып жұмысқа орналасқан Бекзат Мықтыбаева жайлы қуана жазған едік. Өкінішке орай, жуырда оның қызметінен кетіп, Көкшетауда жұмыс істеп жүргенін естідік. Айтуынша, жас маманға ауылдан қалаға қатынап  тұру, әрі пәтер мәселесі  көп қиындық туғызған көрінеді. Осыны сылтау еткен ол алған көтерме ақшасын мемлекетке қайтарып беріп, ауылдан біржолата кетіп қалыпты. Абырой болғанда, көтерме ақшасын мемлекетке қайтарып бергенін айтсаңызшы?!

Ауылдан біздің неге кетеді?
Бұлай дейтін себебіміз, дипломмен ауылға баруын барып алып, кейін ол жерде де жарытып жұмыс істемей, не көтерме ақшаны өтемей жүргендер саны бүгінде облысымызда 142 адамнан асады екен. Ал, олардың мемлекетке жалпы қарыздары 35,2  миллион теңгені құрап отыр. Жалпы, облысымызда бүгінгі күнге дейін ауылға жұмыс істеу және тұру үшін келген мамандарға бюджеттік несие түрінде 1 631,5 миллион теңге сомасында 842 маманға және көтерме жәрдемақы түрінде 277,4 миллион теңге сомасында 2 550 маманға әлеуметтік қолдау шаралары көрсетілген.
Бұлай болса, жас мамандар ауылдан неге қашқақтайды деген сауал туындайды осы арада. Әлде, Бекзаттың айтқанындай, жастарды шынымен де, жол, баспана мәселелері қинап тұр ма? Қайткенмен де, қолына дипломын ұстап, ауылға барамын деп нақты шешім қабылдаған жанға еш нәрсе кедергі болмауы қажет деп есептейді біздің келесі кейіпкеріміз Гүлзира Кәкей.
– Елбасымыз бұл бағдарламаны бәз-біреулер еріккеннің ермегіне айналдырсын деп бекіткен жоқ. «Дипломмен – ауылға!» жобасы біз секілді жас отбасылар үшін еңбек етуге, туған ауылымызды көркейтуге таптырмас мүмкіндік болып отыр. Жолдасым екеуміз де мұғалімбіз. Қалада пәтер алу қиын болғандықтан, іргедегі Краснояр селосына көшіп келдік, – деген Гүлзираның биыл бағдарлама арқылы баспаналы болатынына үміті зор.   
Иә, ауылға барғаннан кейін ол жерде кем дегенде бес  жыл қызмет ету қажет. Бағдарламаның басты шарты да – осы. Өйтпегенде  мемлекет әлеуметтік қолдау қаржысын қайтарып алуға мәжбүр. Әу баста осынау шарттарды біле тұра, оны орындамай,  заңсыз әрекеттерге барған азаматтарды ойласаң, көңілің түсіп қалады. Бастаған істерін соңына дейін аяқтамай, өз әрекеттеріне өздері жауапсыз қарайтын «мамандардың» кесірінен жобаның атына кір келмей ме деген ой тағы мазалайды.  

Заңды белшесінен басып…
Естуімізше, әсіресе соңғы жылдары бағдарлама  шарттарын бұзу оқиғалары жиілеп кеткен. Бүгінгі күнге дейін несиелендіру бойынша 22,9 миллион теңге сомасына 17 заң бұзушылық, көтерме жәрдемақы бойынша 12,3 миллион теңге сомасына 133 заң бұзушылық тіркеліп отыр. Бұл жағынан әсіресе, Жарқайың, Зеренді, Есіл, Қорғалжын,  Шортанды аудандары көш бастап тұр. Көңілге кірбің түсіретін мұндай  жәйттар ауылға жолдама бермес бұрын жоғары оқу орындары түлектерін әбден екшеуден өткізіп алу қажеттігін тағы бір айғақтай түскендей.
Осы мәселе бойынша аудандарға хабарласқанымызда, олардың біразы бюджеттік несие мен көтермеақы төлеуден жалтарған мамандардың үстінен сотқа арыз жазып жатқандарын айтты. Алайда, қабылданып жатқан шараларға қарамастан, бюджеттік несие және көтерме жәрдемақы сомаларын қайтару туралы сот шешімінің орындалуы екі-үш жылға созыла түсетін көрінеді.
Жобаны іске асыру барысында облыс орталығында да дәл осындай заң бұзушылықтар кездеседі. Қалалық ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Дәулет Есқақовтың айтуынша, 2010 жылдан бүгінгі күнге дейін бағдарлама бойынша он үш адам жұмысынан кетіп қалған. Солардың екеуі көтерме жәрдемақыны өз еріктерімен қайтарса, қалған он біріне сотқа арыз дайындалып жатыр.
– Бізге «Дипломмен – ауылға!» жобасына қатысуға үміткерлер өте көп келеді. Бірақ, республикалық бюджеттен бөлінетін қаржы шектеулі болғандықтан, әлеуметтік қолдау шарасына санаулы адамдар ғана  қол жеткізеді. Сондықтан да, бағдарламаға қатысуға өтініш бермес бұрын үміткерлер жан-жақты ойланып,  шешімді саналы түрде қабылдағандары жөн. Өйткені, олар бес жыл бойы ауылда жұмыс істеуге міндетті болады. Өкінішке орай, кейбір мамандар өздеріне артылған осы сенімді толық ақтамай, барған жерлерінен уақытынан бұрын кетіп қалып жатыр, – дейді бас маман.
Білімді деп жүрген жастарымыздың мұндай жауапсыздыққа баруына Зеренді ауданына қарасты Көктерек ауылында тұратын Сабыркен ақсақал да өз ренішін білдірді. Әрине, онысы жөн. Білікті мамандардың арқасында ауылдың көсегесі көгереді деп үміттеніп жүргенімізде жастардың былайша кері тартуы ауылға жаны ашитын кез-келген азаматтың наразылығын тудыратыны анық жәйт. Себебі, ауыл – біздің өткеніміз ғана емес, болашағымыз да. Кемел келешекке осы ауылдармен бірге барғымыз келеді. Ендеше,  бүгінгі жас мамандар осыны түсініп, ауылдық жерлерден ат тондарын ала қашпаса екен деген тілегіміз бар.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар