Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Сахна тәлімгері - АРҚА АЖАРЫ

Сахна тәлімгері

Театр – тәрбие мектебі, шынайы өмір мен өнерді бейнелейтін рухани орда. Сол саланың бесігінде тербеліп, киесін бағалап, өзінің білгенін өзгеге үйретіп жүрген өнегелі  ұстаз Айжан Оспанованың тағылымды тәрбиесін көрген талай түлек қияға қанат қағып, биік шыңдардан көрінуде.

Сонау 1980-ші жылдары Алматыдағы Темірбек Жүргенов атындағы Ұлттық өнер академиясының актер мамандығын бітірген Айжан Бәдірқызы сол киелі шаңырақта ең алғаш еңбек жолын бастап, Қазақстан Республикасының Халық әртістері Асқар Тоқпанов, Нұрмұхан Жантөрин есімді өнер саңлақтарының тәлімді тәрбиесін көріп, білім алған. КСРО Халық әртісі, профессор, өлкетану ғылымдарының докторы Хадиша Бөкейқызының қанатының астында өнер мен өмір мектебінен өтті. Өзі «Драма, кино әртісі» бөлімінің студенттеріне дәріс оқыды. Кейін, өнер өрілген құт мекен Көкшетау қаласында театр ұйымдастырылып, Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрына жұмысқа орналасты. Театрда мамандардың қажеттілігі байқалған 2000 жылы Ақан сері атындағы Көкшетау мәдениет колледжінде «Драма театр әртісі» мамандығы бойынша шәкірт тәрбиелей бастады. Әрине, актер мамандығын таңдаған жастардың бәрі бірдей тума талант иесі бола бермейтіні анық. Сондықтан, оларды өнерге баулу үлкен еңбекті қажет етті. Бұл ұстаздың білімі мен көрегенділігінің, бай тәжірибесінің арқасында ғана жүзеге асатын шаруа.
Айжан Бәдірқызының өнегелі де тәлімді тәрбиесін көріп, қияға қанат қаққан түлектері бүгінде еліміздің түкпір-түкпірінде жемісті еңбек етуде. Астана қаласының «Жастар театры», Қ.Қуанышбаев, Ш.Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрларында Мәржан Бөкешова, Самат Шәймерденов, Бәтихан Зүлкәпіл, Дархан Тәшенов есімді түлектерін ерекше айтып өтуге болады. Ал, тағы бір жас толқын Данияр Тұранов, Мәдина Бексейіт, Абылай Қашқынбай, Инабат Әбеновалар Астана қаласындағы Ұлттық өнер университеті мен Т.Жүргенов атындағы Ұлттық өнер академиясында білімдерін шыңдауда.
Айжан апай шәкірттерінен тіл тазалығын сақтауды қатаң талап етеді. Актер үшін қимыл-қозғалыс, көркемсөз бір-бірінен ажырамайтын дүниелер. Сол себепті, Айжан Оспанова  маман даярлауда ізденіске көбірек көңіл бөледі. Оқушылардың қиялына қозғау салып, сезімін оятуға түрткі бола біледі.
Ол әрқашан шәкірт білімін шыңдап, беделін көтеруге белсенділік танытқан тәжірибелі ұстаз. Тәжірибелі маманның қашан да біліктілігін биіктен көрсететіні сөзсіз. Талай байрақты бәсекелерде де өнерімен топ жарып, биік белестерді бағындыруда. Сондай еңбектің арқасында республикалық фестивальде «Ләйлі-Мәжнүн» қойылымы мен бірінші орынға ие болса, Марий Эл республикасында өткен байқауда «Алғашқы махаббат» спектаклі көрермен қауымның көңілінен шығып, көкшелік таланттар сол сапардан жүлделі орынмен оралды.
2012 жылы Паң Нұрмағамбет киностудиясында Баянғали Әлімжанов түсірген «Асау толқын» атты толық метражды көркем фильмде Данияр Тұранов, Жансая Сейітқалиева, Гүлнұр Қожанова, Әлішер Оразов, Абылай Қашқынбай есімді оқушылары басты рөлдерде ойнап, көпшілік-тің көңілінен шыққанын да атап өткен артық болмас.  
Әркім өз ісін сүйгенде ғана сүйіспеншілікке бөленеді демекші, қажырлы еңбектің елеусіз қалуы да мүмкін емес. Айжан Оспанова Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері.
Ұлағатты ұстаздың қажыр-қайраты мен өнегесі көпке үлгі. Ол білікті маман ғана емес, ортамызда жүрген беделді ұстаз, сахна тәлімгері. Сондықтан, оның шәкірттерімен бедерленген жемісті жылдары әрқашан жұлдыздай жарқырай бермек.

Ұлболсын МӘМБЕТОВА,
Ақан сері атындағы Көкшетау мәдениет колледжінің бейнелеу өнері магистрі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар