Облыс орталығындағы «Видергебург» неміс қоғамы Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай, «20 игі іс» акциясы аясында «Вундеркинд» балаларды дамыту орталығын ашты.
Оған 4 және 5 жас аралығындағы балалар қабылдануда. Орталықты ұйымдастыруға Орта Азиядағы халықаралық әріптестік бойынша GIZ герман қоғамы, «Возрождение» неміс қауымдастығы қолдау көрсетті. Ал, Көкшетау қаласындағы №4 орта мектеп орталықтың зияткерлік серіктесі болып табылады. Бүгінде орталықта этникалық немістердің және неміс тілі мен неміс халқының мәдениетіне қызығушылық білдірушілердің балаларына арналған неміс тілін үйрету тобы, 4 және 5 жас аралығындағы бүлдіршіндерді дамыту тобы, 6 және 7 жас аралығындағы балаларды мектепке даярлау тобы және еуропалық интерактивті әдіс арқылы ағылшын тіліне үйрету тобы жұмыс істейді. Сәуір айының орта кезінен бастап, мұнда «Sand-Art» атты құммен сурет салу үйірмесі өз жұмысын бастамақшы.
Сонымен қатар, жаңа оқу жылының басында, яғни, қыркүйек айынан бастап орталықта мемлекеттік тілде оқытып, үйрететін және ерекше қабілеттері бар балаларға арналған топтарды ашу жоспарланып отыр.
Елена ТАТАРИНЦЕВА,
«Вундеркинд» балаларды дамыту
орталығының жетекшісі.