«Ұрпаққа ұран болған – Ұлы Жеңіс» ұранымен Пригород, Андреевка, Петровка селолық округтерінде «Ақмола жұлдыздары» көркемөнерпаздар сайысы ұйымдастырылды.
Пригород орта мектебінде балалар би билеп, өз өнерлерін ортаға салды. «Эхо», «Катюша» әндерін нақышына келтіре орындаған оқушылардың өнеріне көпшілік қауым тәнті болды. Ал, Андреевка селолық округінде ұйымдастырылған сайыста қазылар алқасы «Айша Бибі» биін ерекше атап өтті. Сондай-ақ, мектеп хоры да шерлі әндерді шырқап, көңілді тербеді. Қолөнер шеберлерінің көрмесі де ұйымдастырылды. Петровка мәдениет үйінде өткен концертті ерекше айтып өтуге болады. Мұнда Петровка орта мектебінің ұжымы мен «Айгөлек» бала бақшасы, «Сударушки» вокал тобы жақсы өнер көрсетті.
Шара соңында көркем-өнерпаздар сайысының ұйымдастырушылары ақ алғыс арқаласа, қатысушылар Алғыс хаттармен марапатталды.
«Арқа ажарының»
өз ақпараты.
Шортанды ауданы.