Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мейірімділік мерекесі - АРҚА АЖАРЫ

Мейірімділік мерекесі

Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагиннің  Пасха мерекесімен құттықтауы

Құрметті ақмолалықтар!
Сіздерді христиан дінінің ұлық мейрамы − Пасха мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан
Назарбаев: «Біздің елімізде түрлі этностар мен діни сенімдегі адамдар Отанымыздың игілігі жолында еңбек етіп, өмір сүріп келеді. Православие христиандарымен бірге Пасханы барша қазақстандықтар қарсы алады» деп атап өткен еді. Бұл жарқын да, ізгі мереке біздің өмірімізді рухани күшке, сенім мен үмітке, қайырымдылық пен төзімділікке толтырады. Бүгінде қасиетті Қазақстан жерінде  конфессияаралық және мәдениетаралық қатынастар саласында  үйлесімділік пен  түрлі діни сенім иелерінің арасында жылы да шынайы қарым-қатынас орнап отыр.
Қазір Пасха барша жұртты татуластырып, жақындастыратын шынайы халықтық мерекеге айналды. Ғасырлар бойы тойланып келе жатқан Пасха біздің шаңырағымызға тек қуаныш пен ерекше үміт сәулесін сыйлап келеді. Бұл мейрам адамдардың жандарын жадыратып қана қоймай, олардың бір-біріне деген сүйіспеншіліктерін арттырып, мейірімділікке тәрбиелейді.  Мен осы қасиетті мерекемен Сіздерді тағы бір рет құттықтап өткім келеді.  
Осы жарқын мерекеде баршаңызға бейбітшілік, жақсылық, рухани тепе-теңдік пен  болашаққа деген зор сенім тілеймін! Бұл мерекемен келген пасхалық көңіл-күй  шаңырақтарыңызға шаттық, жандарыңызға тыныштық әкелсін. Мейрам сыйлаған сезімдер Сіздерді еселі еңбек пен тек игі  істерге  ынталандырсын!

 

 

Қадірлі жерлестер!
Пасха мерекесіне арналған ең жылы  құттықтауларды қабыл алыңыздар!
Православие христиандарының осынау ұлық мерекесі – сенім мен үмітті үкілеп рухани жаңғыруды жарастыратын мейрамдардың бірі. Мемлекет басшысы-Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген саясатының арқасында біздің еліміз әлемдегі тұрақтылығы мен татулығы жарасып, азаматтық келісім, тату көршілік бәрінен биік қойылып, барлық дін өкілдерінің өзара сыйластығы паш етілген мемлекеттің біріне айналды. Бүгінде бұл мерекені христиандармен бірге көпұлтты еліміздің барлық азаматтары атап өтеді.
Бұл жарқын мереке  адамдарды  игі  істер мен тың талпыныстарға жетелеп, олардың бір-біріне деген қамқорлығын, мейірімділігін арттырады. Сіздердің шаңырақтарыңызға  мейірімділік, бақыт, денсаулық әкеліп, ойға алған барлық арман-мақсаттарыңыз орындала берсін.
Нина ДЬЯЧЕК,
Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар