Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қоғамның айнасы – адамгершілік қасиеттер - АРҚА АЖАРЫ

Қоғамның айнасы – адамгершілік қасиеттер

Кеше  ҚКХП атынан ұсынылған Қазақстан Республикасының  Президенттігіне кандидат Тұрғын Сыздықов «Лифт» ЖШС-ның жұмысшылар ұжымымен кездесті. Сондай-ақ, кандидаттың  Тараз және Ақтөбе қалаларындағы облыстық сайлауалды штабтары өткізген іс-шаралары туралы баяндап берді.

  Кездесу барысында Тұрғын Сыздықов жиын қатысушыларын өз сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарымен таныстырды.
Т.Сыздықовтың айтуынша, партия батыстық мәдениет пен құндылықтардың теріс ықпалы сынды мәселелерге баса назар аударады.
Бұдан әрі Тұрғын Сыздықов жастар тәрбиесіне қатысты өз пікірін ортаға салды. Оның айтуынша, әлем бойынша жастар сапалы классикалық шығармаларды оқудан қалды, есесіне зорлық-зомбылыққа толы голливудтік фильмдермен, боевиктермен, компьютерлік ойындармен, қатыгез музыкамен, азғындаған киім кию мен тәрбие сәніне санасын улауда.
«Мұның соңы неге алып келеді? Зорлық-зомбылыққа, қатыгездікке тәрбиелеп, жеке қасиеттерін дамытып, оқуға, еңбектенуге, отбасын құруға деген құлшынысты жояды.
Бүгінде теледидар арқылы мультфильм-дерден бастап, түрлі блокбастерлерге дейін батыстық өмір сүру салтын жаппай жарнамалап жатыр. Ол дегеніңіз – қорлау, қатыгездік, еріншектік, жауапсыздық, өмірге деген құлшыныстың жоқтығы», – деген пікірімен бөлісті кандидат. Осы жерде, жат қылықтардың ықпалына тез еретін жас буынды қатаң бақылауда ұстау қажет.
«Батыстық жауапсыз өмір стандарттары ғасырлар бойы қалыптасып, тәртіпке айналған адамгершілік қасиеттерін көлеңкеге ысырып барады. Соның салдарынан адамдар жанашырлық танытуды, дос болып, шынайы ғашық болуды ұмытты.
Батыстың ықпалымен көрсеқызарлыққа, қанағатсыздыққа, еңбексіз қарын тойдыруға үйрететін тәрбие алғандар кез келген теріс әрекетке дайын тұрады.
Сол себепті біздің бүгінгі міндетіміз – кез келген қоғамды құлдырауға ұшырататын батыстың жат мәдениетіне тиісті деңгейде тойтарыс беру», – деп қорытты Т.Сыздықов.
Кеше Қазақстан Республикасының  Президенттігіне үміткер Т.Сыздықовтың облыстық сайлауалды штабтары өткізген іс-шараларынан хабардар етті.
«Бүгінде Жамбыл облысындағы сайлауалды штабы қала тұрғындары үшін Қазақстан Республикасының  Президенттігіне кандидат Тұрғын Сыздықовты қолдауға арналған іс-шаралар өткізуде», – деп мәлім етті партия облыстық комитетінің жетекшісі Ж.Мамашева. Кандидаттың сайлауалды тұғырнамасы марксизм-ленинизм идеяларына негізделіп құрылған.
Кандидаттың сенімді тұлғасы Г.Жұмабаева үгіт-насихат науқаны кезінде партияның басты назары батыстық мәдениет пен құндылықтардың кері әсеріне бөлініп отырғанын мәлім етті.
«Үгіт-насихат жұмыстары штаттық жоспарға сәйкес, ешқандай кедергілерсіз өтуде. Жергілікті халықпен кездесіп, кандидаттың сайлауалды бағдарламасын белсенді түсіндіріп жатырмыз».
Өз кезегінде Ақтөбе облыстық штабының жетекшісі Ж.Молдашев Тұрғын Сыздықовтың сайлауалды тұғырнамасының негізгі бағыттарына тоқталды.
«Жеңіл ақшаның соңына түсіп, зорлық-зомбылықты ашық жарнамалап жатқан батыстық киноиндустрия мен Интернет ресурстар – қазіргі батыстық теріс мәдениеттің жемісі» – деді ол.
Кандидаттың Ақтөбе облысындағы сенімді тұлғасы Б.Жұмағұлова Тұрғын Сыздықовтың облыстық сайлауалды штабы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, облыс тұрғындарын қажетті ақпаратпен қамтамасыз етіп отырғанын жеткізді.
Оның айтуынша, штабта 5 сенімді тұлға мен облыстық комитеттің жиырмаға жуық белсендісі бар. Олар күнделікті партия жұмысынан бөлек, үгіт-насихат жұмыстарымен де айналысады.

 

 

Кеше  Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Т.Сыздықовтың Шымкент қаласындағы сайлауалды штабы атқарылып жатқан жұмыстары туралы есеп берді. Бұл жөнінде сайлауалды штабтың жетекшісі Нұрлан Қадырқұлов айтып берді.

 

Ол Оңтүстік Қазақстан облысы сайлауалды штабының қарқынды ақпараттық қызметі туралы баяндады. Сенімді тұлғалар облыс тұрғындары арасында ақпараттық саясатты жүргізумен айналысуда.
Штаб жетекшісінің айтуынша, насихат жұмыстары жүргізіліп, студенттер және еңбекші ұжымдарымен кездесулер ұйымдастырылуда. Сонымен қатар, штаб кеңсесі журналистер және бақылаушылар үшін әрдайым ашық, үгіт-насихат материалдарымыз жеткілікті және кандидаттың сайлауалды тобының мүшелері керекті кеңестерді беруге әзір.
Кандидат Т.Сыздықовтың сенімді тұлғасы З.Мұхамеджанов сайлауалды тұғырнаманың басты бағыттарына тоқталды.
«Коммунистік Халықтық партиясы қызметінің негізінде тұтас, бірізді ғылыми дүниетанымға сүйенген марксизм-ленинизм идеялары жатыр. Сондай-ақ, әлемдік коммунизм идеясы басты мақсат болып қала бермек. Коммунистік қоғамның әділетті ұраны – «Әркімнің қабілетіне қарай, әркімнің қажеттілігіне орай».
Сонымен қатар, атқарылған жұмыстары туралы Қызылорда облысы сайлауалды штабының жетекшісі Т.Телеубаев баяндады. Қазіргі таңда насихат жұмыстары облыстың барлық аудандарын қамтуда. Тұрғындармен кездесулер үнемі өткізілуде, оларға өзінің маңыздылығын жоймайтын марксизм-ленинизм идеясының негіздері түсіндірілуде.
Аймақтық сайлауалды штабтың жетекшісі, Т.Сыздықовтың сайлауалды тұғырнамасында көтерілген сұрақтар қазіргі кезеңде әлемде өзектілігін табуда және тұрғындармен кездесулерде талқыға түсетін болады.
Бүгін ҚКХП ұсынған Президенттікке кандидат Тұрғын Сыздықов «Защита локомотив жөндеу ДЭПО-сы» жұмысшылар ұжымымен кездесті.
Кездесу барысында кандидат Сыздықов өзінің сайлауалды тұғырнамасының басты бағыттарымен таныстырды.
Кездесу кезінде кандидат батыстық стандарттар мен тұтынушылық мәдениеттің теріс ықпалына тоқталып өтті.
«Бүгін буындары қатып үлгермеген әлемнің барлық жастары батыстық киімдерді киеді, шетел әуендерін тыңдайды, голливудтық фильмдерді және сериалдарды көреді. Мұның барлығы – жай бос уақыт өткізу емес, бұл тұтыну мәдениетінің жалпыға бірдей таралу үрдісі.
Дәстүрлі адами құндылықтарды насихаттауды жоққа шығарып, жат үлгілер мен өмірлік шарттарды көзсіз көшіру адамилықтан ауытқуға, жекелей енжарлыққа, жалпы материализм мен азаматтық немқұрайдылыққа әкеледі», – деп атап өтті кездесуде Тұрғын Сыздықов.
Қазақстан Республикасының  Президенттігіне кандидаттың ойынша, жаппай интернет арқылы таратылып отырған батыстық өмір мәнінде, қатыгездік, енжарлық, немқұрайлылық, іс-әрекетке деген жауапсыздық белгілері жатыр.
Кандидаттың сөзіне қарағанда мұндай қоғамда өмір сүрген адамдардың өмірлік қағидаттары – жалқаулық және материалдық ашкөздік, толық моральдық жауапсыздық.
Мемлекеттің басты байлығы – оның адамдары. Салауатты, зайырлы ұлт қағидаттары адамдарға нәресте шағынан сіңдірілуі керек.
Одан әрі сөзді облыстық сайлауалды штабтың жетекшісі Ш.Байдәулетов алды.
Ол қатысушыларға сайлауалды науқан кезіндегі үгіт-насихат және іс шаралар туралы айтып берді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар