Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жастар бұқаралық спортты дамытуды көздейді - АРҚА АЖАРЫ

Жастар бұқаралық спортты дамытуды көздейді

 Астанадан арнаулы тілшіміз Перизат БӨЛЕКОВА хабарлайды:

 Елордадағы «Тәуелсіздік» сарайында «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының кезектен тыс ІІІ съезі болып өтті.

  Съезге жұмысшы, ауыл жастары, спортшылар мен мәдениет саласының үздіктері, жас мәслихат депутаттары, жалпы саны 600-ден астам жасотандық қатысты.
Алдымен, 2012-2015 жылдарға арналған жұмыс нәтижесі жөнінде ұйым төрағасы Ерлан Сыдықов есеп берді. Оның айтуынша, бүгінде еліміз бойынша 170 мың жасотандық бар. Олар «Сәтті қадам», «Жастар – Отанға», «Жастар кадрлық резерві» сияқты әлеуметтік жобаларды іске асырып, қоғам өміріне белсене араласуда. Съезде «Жас Отанның» логотипін өзгерту, атқарушы хатшыларды төраға, төрайым деп атау, сондай-ақ, үйлестіру кеңесін құру, жастар қанатының 2020 жылға дейінгі бағдарламасын қабылдау, қазіргі төраға Ерлан Сыдықовты қайта сайлау жөнінде шешім қабылданды.
Жиында облыстағы жасотандықтардың атқарған жемісті жұмысы ерекше атап өтілді. Біз съезден кейін облыс делегациясы құрамында шараға келген көкшелік жас спортшы Данияр Рақымжановты сөзге тартқан едік. Оны жастар қанаты жұмысының жанданып келе жатқандығы қуантады. Делегат енді партияның бұқаралық спортты дамытуға бағытталған бағдарламаларын жүзеге асыруға атсалысуды көздеп отыр. Осы орайда, съезге 60-тан астам ақмолалық жастың қатысқандығын айта кетейік. Алдағы жоспарлар пысықталған бұл жиыннан жерлестеріміз зор сеніммен өңірге аттанды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар