Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Экология терең бойлауды қажет етеді - АРҚА АЖАРЫ

Экология терең бойлауды қажет етеді

Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Әбілғазы Құсайынов Ақтөбе облысының жұртшылығымен кездесті. Кездесу барысында Әбілғазы Құсайынов жиын қатысушыларын экологиялық мәселелерді айқындап, шешуге негізделген өз сайлауалды бағдарламасының басты бағыттарымен таныстырды.

  «Алдымен, басты міндеттерімізді айқындап алайық. Экологиялық проб-лема – табиғаттың құрылымы мен қызметін бұзатын қоршаған ортадағы теріс құбылыстар. Бұл дегеніңіз, адамзат тұрмысынан туындаған антропогендік түрлену.
Экологиялық түйткілдер адамзаттың күрт өскен өнеркәсіптік әрекетінің айналаға әсерінен туындап отыр.
Қазірдің өзінде адамдар күн сайын еселеніп келетін экологиялық дағдарыс жағдайында өмір сүріп жатқаны жасырын емес. Ол барша өркениеттің дағдарысына айналып барады», – деді Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат.
Одан әрі кандидат жиналған жұртты адамзат қоғамы алдында тұрған маңызды жаһандық экологиялық проблемалармен таныстырды, атап айтқанда: қоршаған ортаның ластануы, парниктік газдардың зияны, ғаламшардың «озон қабатының» сөгілуі және тағы басқалары.
Адам өз іс-әрекетінен туындаған экологиялық ауытқудың құрбанына айналып отыр: кейбір мәліметтерге сенсек, су ресурстарының, атмосфералық ауа мен жер қыртысының ластануынан туындаған аурулардан әлем бойынша адамдардың 40 пайызы өмірден өтіп жатыр.
Ә.Құсайыновтың айтуынша, фотохимиялық түтін, қышқыл жаңбыр, топырақтың құнарсыздануы, ормандардың құртылуы, құрғақшылық, ауадағы қауіпті қалдықтар, биосфера генофонының азаюы сынды қауіпті экологиялық құбылыстар, біздер, адамдар үшін қалыпты жағдайға айналды.
Осы орайда қуат көзі мен табиғат ресурс-тарын үнемдеу мәселесін де назардан тыс қалдырмау керек.
«Біз – адамдар, жаңартылмайтын ресурстарды жойып, флора мен фаунаны талқандап, табиғат циклін бұздық – бір сөзбен айтқанда, бізді жаратқан табиғатқа өзіміз зиян келтіріп отырмыз», – деді Құсайынов.
«Айналамыздың бәрі өзгеріске ұшырады – аңдар қырылып, сирек өсімдіктер жо-йылып кетті, аралдарды су басып, табиғи апаттар тұтас қалаларды қиратуда.
Соған қарамастан, адамдар техникалық баспалдақтағы серпілісін жалғастырып, ғаламшарға тұтынушылық қатынасын тоқтатар емес. Табиғаттың құнарын соңғы тамшысына дейін сорып алуға дайын.
Адамзат қоршаған ортаны құртып бара жатқан іс-әрекетін тоқтатпаса, жағдай қиындауы мүмкін.
Сол себепті, бүгінде экология ғылымына биологияның бір саласы деп қарамай, оған әлдеқайда тереңнен бойлау қажет», – деді кандидаттың Ақтөбе облысындағы сайлауалды штабының жетекшісі Игілік Сағиев.
«Экологиялық мәдениет қазіргі қоғамның маңызды бөлігіне айналуы керек.
Табиғатты қорғау, табиғат ресурстарын дұрыс пайдалану мәселелеріне қоғам назарын тарту жұмыстарын күшейту маңызды.
Кәсіпорын мен ұйымдардың жер қойнауын, су ресурстарын, орман, қазба байлықтары мен өзге де табиғат ресурстарын дұрыс пайдалануларына мемлекеттік бақылау енгізу қажет.
Топырақтың, жер беті және жер асты суларының ластануына жол бермеуге қоғам назарын күшейту керек.
Сулар және ормандарды қорғау, өсімдік және жануарлар әлемін қорғай отырып, сол арқылы атмосфераның ластануына тосқауыл қою маңызды.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік жүйесін енгізу қажет», – деді Ә.Құсайынов.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар