Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Елбасымен бірге – жаңа жетістіктерге!» - АРҚА АЖАРЫ

«Елбасымен бірге – жаңа жетістіктерге!»

Астанадағы Тәуелсіздік  сарайында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Елбасымен бірге – жаңа жетістіктерге!» атты жастар форумы болып өтті.

  Форум жұмысына Бекболат Тілеухан, Жанар Дұғалова, Қайрат Нұртас, Мәдина Сәдуақасова, Денис Тен сынды өнер мен мәдениет, спорт қайраткерлерімен қатар, жастар ресурстық орталықтарының директорлары, үкіметтік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, жас ғалымдар, жасотандықтар, жұмысшы және ауыл жастары, жалпы, еліміздің әр түкпірінен 3 мыңға тарта адам қатысты.
Президент өз сөзінде мәңгілік болашақпен сабақтасар мәңгілік елді құратын негізгі күш жас-
тар дегенге тоқталып өтті. Елбасы мемлекет дамуына қатысты, қоғамда екіұшты пікір тудырған мәселелер жайындағы өз ойымен ашық бөлісіп, жастарға ақыл-кеңесін де айтып отырды. Елбасының өзі атап өткендей, мұнда  ешбір университетте айтылмайтын лекция оқылды. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанды Еуропамен салыстыруға бейім қайбіреулерге мұның қате пікір екендігін дәлелдей сөйледі. Біздегі қысы алты айға созылатын суық климат қысы мен жазы жылы болатын елдердің экономикасынан әлдеқайда шығынды келеді. Себебі, қуат көп тұтынылады. Оның үстіне, біздің ел  мұхит, теңіз сияқты ірі су көздеріне тікелей шыға алмайды. Сондықтан, тауар тасымалы да қымбат. Бірақ, қандай болсын, Қазақстан біз үшін жұмақ.
Елбасы жастарды осы отаншылдықпен «Нұрлы жол», басқа да халықтық реформаларды сәтті жүзеге асыруға атсалысуға шақырды.
Президент зайырлы қоғам, радикализммен күрес, Еуразиялық Экономикалық Одаққа қатысты да өз ойын ортаға салды.
–Татулық тұрақтылықтың және тұрақты дамудың тұғыры екенін ерте білдік. Біздің жетістіктеріміздің басы бірлік болып саналады. Бірлігімізді тұмардай сақтай білсек, еліміз үшін алынбайтын ешқандай биік белестер жоқ. Ол үшін әрқайсымыз, әсіресе, сіздер, жастар өздеріңізге жүктелген тарихи жауапкершілікті сезіне білулеріңіз керек, – деді Ұлт Көшбасшысы жастарға сенім арта.
Жиында әр саладан үздік болып танылып  жүрген жастар тұстастарын алдағы сайлауда Елбасына дауыс беруге үндеді. Олар жаңа жетістіктерге тек Ұлт Көшбасшысымен бірге жеткілері келеді және бұл жолдың ең дұрыс таңдау екендігіне сенімді.
Астана.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар