Осынша уақыттан кейін майдангер Әбдеш Канафиннің ордені табылып, баласына табыс етілді.
Жерлесіміз соғыс жылдары майданда батылдықтың үлгісін көрсетіп, «Ерлігі үшін» медалімен марапатталыпты. Ал, 1985 жылы Ұлы Жеңістің қырық жылдығы қарсаңында екінші дәрежелі Отан соғысы орденіне ұсынылып, КСРО Жоғарғы Кеңесінің төрағасы осындай Жарлыққа қол қойған болатын. Алайда, марапат белгісіз себептермен иесіне табыс етілмеген.
Сол себепті, Қорғаныс істері жөніндегі бөлім мамандары тиісті құжаттарды қарай келе, осы орденді соғыс ардагерінің отбасына тапсыруды жөн көрді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Жарқайың ауданы.