Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Тұрақтылық және жасампаздық бағытымен - АРҚА АЖАРЫ

Тұрақтылық және жасампаздық бағытымен

Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуының бүкіл жолы таяу және алыс шетелдердегі экономикалық дағдарыстар шиеленістірген тұрақсыздықтың әлсін-әлсін бой көрсетулерінің өте бір қолайсыз аясында өтуде.
Өкінішке қарай, бүгін де бұл сын-қатерлер төмендеген жоқ, керісінше, күшейе түсуде.
Президент өзінің 2014 жылғы қарашадағы «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» Жолдауында барынша тура және айқын атап өткендей, «Таяудағы жылдардың жаһандық сынақтар уақыты болатынын мен өз тәжірибемнен сеземін. Әлемнің бүкіл архитектурасы өзгеретін болады. Осынау күрделі кезеңнен елдердің бәрі бірдей лайықты өте алмасы анық. Бұл белесті тек қуатты мемлекеттер, топтасқан халықтар ғана өте алады». Қазақстан басшысының әлемдік экономикалық дағдарыстың теріс көріністерінің, Украинадағы қанды қақтығыстардың аясында жасаған бұл мәлімдемесі қоғамда табиғи түрде алаңдаушылық туғызды. Тұрақты татулықты, тұрақтылық пен өз елінің қарқынды дамуын құрметтейтін қазақстандықтар төніп келе жатқан сынақтар жағдайында тағы да көп ұлтты халықтың бірлігін қамтамасыз ету, елдің одан әрі қарышты дамуы үшін тұрақтылықты сақтау және күш-жігерді жұмылдыру қажеттілігін жақтап шықты.
Бұл көңіл-күй 2015 жылы кезектен тыс президенттік сайлау өткізу туралы Қазақстан халқы Ассамблеясының бас­тамасында көрініс тапты.
Ұсынысқа парламентшілер, көптеген партиялар мен қоғамдық ұйымдар, сан мыңдаған еңбек ұжымдары, ғылыми және шығармашылық интеллигенция қолдау білдірді.
Орын алған сын-қатерлерге қара­мастан, Қазақстан қазіргі электораттық науқанға жаһандық және өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге маңызды үлес қосатын қуатты өңірлік держава атағын берік сақтай отырып, әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамудағы қомақты табыстармен келді.
Ол, әсіресе, украиндық дағдарыста айқын көрінді. Астанаға әлемдік державалар өкілдері жиі келетін болды. Н.Назарбаев АҚШ, Ресей, Франция, Украина президенттерімен, Германия канцлерімен және Ұлыбритания премьер-министрімен бірқатар кездесулер өткізіп, телефон арқылы сөйлесті. Украин қақтығысын бейбіт реттеу жөнінде келіссөздерге жол ашқан Путин мен Порошенконың Минскідегі алғашқы кездесуі оның шырқау шыңы болды. Үдеріске тартылған тараптарға дағдарыстан шығу жол картасын ұсына отырып, Н.Назарбаев саясаткер және адам ретінде мүмкін дегеннің бәрін жасады. Ендігі сөз оларда.
 Соңғы төрт жылда, геосаяси және геоэкономикалық сипаттағы барлық күрделіліктерге қарамастан, Қазақстан көп нәрсеге қол жеткізді. Бүгінде Дүниежүзілік банктің жіктеуі бойынша Қазақстан табыс деңгейі орташа елдер қатарына кіреді және өркендеу деңгейі жөніндегі әлемдік рейтингте сенімді түрде 47-ші орын алады. Экономикалық даму мен халықтың тұрмыс деңгейін арттырудың мұндай қарқыны әлемде көп бола қойған жоқ. «2030» Стратегиясының негізгі міндеттерінің мерзімінен едәуір бұрын табысты жүзеге асқанын басшылыққа ала отырып, өз халқының жасампаз әлеуетіне барынша сене отырып, Елбасы мақсаты біздің еліміздің әлемнің неғұрлым дамыған 30 елінің қатарына қосылуы болып табылатын бұрынғыдан да бетер асқақ «Қазақстан-2050» бағдарламасын ұсынды.
Сенімді экономикалық өсумен қатар, Қазақстанда демократиялық реформалардың ауқымды бағдарламасы бірқалыпты жүзеге асырылуда.
Парламенттің өкілеттігі айтарлықтай ұлғайтылды, атқарушы органдардың жұртшылық алдындағы есептілігі күшейтілді, мемлекеттік қызмет пен құқық қорғау органдарына табысты реформа жүргізілді.
Елде жемқорлыққа қарсы жүйелі және бітіспес күрес жүруде, азаматтық қоғам рөлі айтарлықтай артты.
Президенттікке балама кандидаттардың болуы осының нақты айғағы болып табылады, ол Қазақстан қоғамындағы шынайы пікірлер алуандығы мен идеялардың көптүрлілігін бейнелейді.
Сонымен, бір мезгілде кандидаттар бағдарламаларын әлеуметтік бағдарлылық, тұрақтылық пен елдің орнықты дамуына деген ұстаным біріктіреді. Алауыздық туғызатын экстремистік және реакциялық ұрандардың болмауы біздің қоғамымыздың саламаттылығын, оның демократиялық таңдауы мен Қазақстанның одан әрі табысты дамуына деген ұстанымын білдіреді.
Бүгінгі әлемде болып жатқан күрделі үдерістер, көрші Қырғызстанда соңғы жылдары орын алған екі саяси дағдарыс, қазіргі Украинадағы қанды қақтығыс қауіпсіздікті, этносаралық және конфессияаралық келісімді қамтамасыз етпей, халықтың әл-ауқатын жақсартпай, ондай катаклизмдерден қашып құтылуға болмайтындығы туралы тарихи ақиқатты растады. Осынау оқиғалардың оларға өз тағдырларын сеніп тапсырған өз халықтарының көкейкесті мүдделерін басшылыққа алу қажеттілігі туралы бүкіл мемлекеттердегі басқарушы элитаға айқын белгі болғаны анық.
Сонда да болса, Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясының XVI съезінде әділ түрде атап көрсеткендей, «…жа­һандық сын-қатерлер мен тәуекелдердің тереңдігі сондай, әр мемлекеттің тұ­рақтылығы мен табыстылығы туралы мәселені күн тәртібіне қояды. Сондықтан, біздің алдымызда жаңа міндеттер тұр. Біріншіден, сыртқы факторлар ықпалының мемлекет құрылысына теріс сценарийіне жол бермеу. Екіншіден, дамудың қол жеткізілген қарқынын сақтау. Үшіншіден, одан әрі даму үшін жағдайлар дайындау. Төртіншіден, әлемнің дамыған 30 мемлекетіне қарай қозғалуды жалғастыру. Жаһандық сын-қатерлерге қалыптан тыс және қуатты жауап беру қажет…».
Халықтың бірлігі мен топтасқандығының берік іргетасына, мемлекеттің экономикалық қуатына сүйене отырып, бүгінде елімізді одан әрі сатылап нығайту мен дамытуға старт берілді, күшті мемлекет оның тәжіне айналуы тиіс.
Осының бәрі, сөз жоқ, біздің халқы­мыздың терең мүдделері мен мақсаттарына жауап береді, оның ертеңгі күнге деген сенімінің кепілі болып табылады.
Өкінішке қарай, көптеген елдерде электораттық үдерістер адамдарды жікке бөледі, бірақ, Президенттің әділ мәлімдегеніндей, «Қазақстан үшін сайлау әрқашанда қоғамдағы бірлік пен келісімнің жоғары механизмі болды. Бүгін де және әр кезде де солай боларына сенімдімін!». Бұл ретте Елбасы сөзінен асыра айту қиын.
Алдағы кезектен тыс президенттік сайлаудың Халық пен қазақстандықтар өзінің бүгінгі және болашақтағы әл-ауқатын байланыстыратын Елбасының мызғымас Бірлігін тағы да көрсетіп беретініне еш күмән жоқ.

Қанат Саудабаев,
Н.Ә.Назарбаевтың мәдениет,
білім беру және әлеуметтік бағдарламалар қорының директоры.
 
(«Егемен Қазақстан»,
10 сәуір 2015 жыл).

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар