Елдің Варкав аймағындағы тұрғындар жергілікті жерінде тұрып, өз күштеріне сенетін болса, Латгали де жұмыссыздық деңгейі 94 пайызға жетер еді.
Бұл туралы LTV телеарнасының De Facto бағдарламасында хабарланды.
Журналистер мемлекеттік кірістер қызметінің ақпаратын саралап, онда кедейшілік бойынша екінші орында тұрған Латгали өңіріндегі жұмысқа жарамды 1800 тұрғынның 103 ғана жұмыспен қамтылғанын анықтады. Оның ішінде жартысынан астамы аймақтық әкімшілікте жұмыс істейді.
Жалпы, тұрғындарды тіркеу мәліметтері бойынша 2014 жылы Варкав аймағында экономикалық белсенді жастағы 1791 адам тіркелген. Оның ішінде 670 адамда (мемлекеттік кірістер қызметінің ақпаратына қарағанда) мүлдем табысы болмаған. Бұл олардың жұмыссыз немесе шет елдерге жұмыс іздеп кеткенін білдіреді. Сондай-ақ, аймақтағы 743 тұрғынның ең төменгі айлықтан аса алатындай тұрақты табысы жоқ. Олар тұрақты жұмыс істемейді, тек қана жәрдемақының арқасында күн көруде.
LTV телеарнасының мәліметі бойынша Варкав аймағын мемлекеттен бөлінетін қаржы құтқарып отырған көрінеді.