Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қатердің беті қайтарылуда - АРҚА АЖАРЫ

Қатердің беті қайтарылуда

Облыс әкімі Сергей Кулагин жұмыс сапарымен Сандықтау, Атбасар, Астрахан, Целиноград аудандарында болып, көктемгі су тасқыны қауіпі бар аймақтарды аралап көрді. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары  Владимир Божкомен Астана қаласы маңында орналасқан елді мекендердің қар еру кезіндегі жағдайын әуеден тікұшақпен бақылап шықты.

Облыс әкімі Сергей Кулагин жұмыс сапарын алдымен Сандықтау ауданынан бастап, Жабай өзенінен өтетін көпір мен Балкашино, Максимовка селоларындағы бөгеттерде болды. Аудан әкімі Ербол Сағдиев жұмыс барысында алдын алу шаралары жайлы, судың деңгейі туралы баяндап берді. Қазіргі күні ауданда ешқандай қауіп жоқ. Өңір басшысы жағдайды жіті назарда ұстау туралы тапсырма берді.
Жабай өзеніндегі еріген қар суының деңгейі  3 метрге таяп берді. Өткен жылғы көрсеткіш бойынша судың бірқалыпты деңгейі 3 метр 50 сантиметрді құрайды.  Кездесуде аудан әкімі тұрғындардың алаңдауына еш негіз жоқ екенін айтып, арнайы техникалармен қамтамасыз етуде жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жұмыла атсалысып жатқанын тілге тиек етті. Өз кезегінде Сергей
Кулагин күннің күрт жылынуына байланысты әлі алқаптарда еріп бітпеген қардан сақтану қажеттігін еске салды. Тәулік бойы кезекшілік тағайындалып,  адамдардың қауіпсіздігі үшін барлық мүмкіндіктер қарастырылуы қажет екенін  жеткізді. Сонымен қатар, өткен жылы төтенше жағдайлар орын алған Атбасар ауданындағы алдын алу шараларына жіті назар аударды.
– Қазір ауа райының жылынуына байланысты су тасқыны қауіпі төнуі мүмкін. Сондықтан, біздің басты мақсатымыз дайындық жұмыстарын ширата түсу. Адамдарға алдын ала ескертіп, техникалар дайын тұруы тиіс. Өткен жылы орын алған апатқа биыл жол бермеуіміз керек. Табиғаттың тосын мінезінен күрделі жағдай туындаса, тасқын суды кері бұрып, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін боламыз, – деді облыс әкімі Сергей Кулагин.
Сондай-ақ, ол су тасқыны қауіпі бар аймақ тұрақты бақылауда ұсталатынын жеткізді. Қазіргі таңда Атбасарда  тиісті орындар мен қызмет құрылымдары жағдайды барынша бақылауда ұстауда. Қауіп-қатер орын алмауы үшін бірқатар жұмыстар атқарылып, өзендегі мұз жарылуда. Арнайы техникалар да сақадай сай.  Жұмыс барысында өңір басшысы аудандағы №1 орта мектепте болып, дайындық жұмыстарына оң бағасын берді. Қауіпсіздік шарасы ретінде аталмыш білім ошағының айналасына инертті матер-иалдармен толтырылған қаптар үйілген. Келесі кезекте ол Астрахан ауданындағы Старый Колутон селосының жағдайымен танысты. Мұнда Колутон өзеніндегі қар суының деңгейі 3 метрден артық көтерілмейді деген болжам айтылды. Инертті материалдармен қаншалықты қамтамасыз етілгендерін сұрап білген облыс әкімі құтқарушылар тобына жағдайға түсіністікпен қарап, күннің күрт жылынуына байланысты он күн шамасында шыдамдылық танытулары тиіс екенін айтып түсіндірді. Бүгінде мұнда 50 тонна ұсақ инертті материалдар жеткізілген. Ал, Старый Колутон селосында шамамен 900 адам тұрады. Өткен жылы 22 үйді су шайып кеткендіктен, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Қауіп-қатер төнетін болса, адамдар тасқын су басқан аймақтан көшірілмек. Бала бақша мен мектеп ғимараты төтенше  жағдайға дайын екендігін Старый Колутон селолық округінің әкімі Владимир Крапивко айтып берді. Жұмыс сапарын одан әрі Целиноград ауданында жалғастырған өңір басшысы Талапкер, Қосшы ауылдық округтері мен Тайтөбе  ауылының жағдайымен жете танысты. Аудан әкімі Мәлғаждар Тәткеев жұмыс барысында Қосшыға қауіп төндіретін өзендердің арасына қойылып жатқан бөгеттерді көрсетті.  Қазіргі күні бұл ауданда да тасқын судың алдын алу үшін дайындық жұмыстары қызу жүріп жатыр. Сергей Кулагин кездесуде Нұра, Есіл өзендерінен қауіп-қатер болуы мүмкін екенін айтып, осы жағдайға ерекше назар аударды.
Қазіргі таңда Целиноград ауданы бойынша Қосшы, Тайтөбе, Қараөткел, Талапкер, Қажымұқан, Ағанас, Қаражар елді мекендерін су басу қауіпі төніп тұр. Сондықтан, су арналары тазаланып, бөгеттер қойылуда. Тайтөбе ауылында бөгет салынса, өзге де елді мекендерде осындай жұмыстар атқарылуда.
Бүгінде  ауданда 60 арнайы техника мен 300-ге жуық құтқарушының қатысуымен су тасқынына қарсы шаралар қолға алынған.

 

Астана қаласы мен Қарағанды облысының құтқарушылар тобы жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, көктемгі тасқын суды  ағызу жұмыстарын жалғастыруда. Олар қаптарды инертті материалдармен толтырып, алқаптарды судан тазартуда. Секундына 1200 текше метр су Нұра, Самарқанд су қоймаларына ағызылған. Ал, шамамен алғанда күніне 2 мың текше метр су ағызылады. Осы орайда, көктемгі тасқын судың алдын алу жұмыстарына аудандық бюджет есебінен 40 миллион теңгеге жуық қаржы бөлінген. Сондай-ақ, облыстық бюджеттен қосымша 10 миллион теңге қарастырылған. Қазір бөлінген қаражатқа тиісті құрал-жабдықтар сатып алынуда. Ал, адамдар арасында жүргізілген түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде қауіпті аймақтардан тұрғындар өз еріктерімен көшірілуде.  
Жұмыс сапарын Целиноград ауданымен қорытындылаған Сергей Кулагин қайғылы оқиғаларға  жол берілмеуі  тиіс  екенін айтып, көктемгі су тасқынының бетін қайтару үшін барлық мүмкіндіктер қарастырылатынын жеткізді. Іссапар соңында  облыс әкімі  Қазақстан
Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Владимир Божкомен Астана маңындағы тасқын су қауіпі бар елді мекендерді тікұшақпен аралап, жағдайды бақылады.   

Суреттерді түсірген
Ермұрат ДОСЫМОВ.

Сандықтау-Атбасар-Астрахан-Целиноград аудандары.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар