Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Батыс мәдениетінің теріс ықпалы айтылды - АРҚА АЖАРЫ

Батыс мәдениетінің теріс ықпалы айтылды

ҚКХП ұсынған Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Тұрғын Сыздықов Орал қаласындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде студенттер және оқытушылармен кездесу өткізді. Кездесу барысында кандидат партия жұмысы мен өзінің сайлауалды тұғырнамасының негізгі бағыттарымен таныстырды.

  Қазақстанның Коммунистік Халықтық партиясы – коммунистік идеяны ұстанатын азаматтардың ерікті бірлестігі. Біздің жұмысымыз қоғамдық дамудың тұтас материалистік теориясы ретінде марксизм-ленинизм идеясына негізделіп құрылған. Біз өз жұмысымызды әділ қоғам туралы марксистік-лениндік түсініктерді сақтай отырып құруға және осы арқылы әділетсіз тұстарын жоюға тырысамыз.
Соңғы жылдары халықаралық ұйымдардың диетологтары дабыл қағуда. Барлық батыс елдері дұрыс өмір салтын қолданбау, тамақтану мәдениетін ұстанбау және фаст-фудтың кесірінен семіздік, жүрек-қантамыр аурулары, қандағы қант деңгейінің өсуі, есту, көру, қол-аяқ жұмысының бұзылуы сынды денсаулық ақауларынан зардап шегіп отыр.
Т.Сыздықовтың айтуынша, фаст-фудпен қатар тұтынушылардың денсаулығына түрлі газдалған сусындар да кері әсерін тигізуде. Кейбір сусындардың құрамы Менделеев кестесін елестетіп, адамның ас қорыту жүйесінде кері химиялық әсер береді.
«Көптеген елдерде фаст-фудтың кесірінен туындаған семіздік ауруы ұлтқа төнген қауіппен теңестірілген деді», – Т.Сыздықов. Оның ойынша әсіресе, батыстық мультфильмдер және компьютерлік ойындар көңілге кірбің ұялатады.
Кездесу соңында президенттікке кандидат Т.Сыздықов студенттер және оқытушылардың кейбір сұрақтарына жауап беріп өзінің алдағы сайлауалды жұмыс жоспарымен бөлісті.
Одан әрі кездесу барысында облыстық сайлауалды штабтың жетекшісі С.Жарылғасымов сөз алып, қысқаша түрде сайлауалды науқанның насихат жұмыстары және іс-шаралар туралы айтып берді.
Кеше Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Т.Сыздықовтың Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстық сайлауалды штабтары өткізген іс-шаралары туралы баяндап берді.
Өскеменде кандидаттың сайлаушыларымен екі кездесуі өтті. Кездесуде Тұрғын Сыздықов сайлауалды бағдарламасының басты бағыттарымен таныстырды және сұрақтарға жауап берді. Кандидаттың сенімді тұлғалары тұрғындар арасында насихат жұмыстарын жүргізуде.
Павлодар облыстық сайлауалды штабының жетекшісі үгіт-насихат науқаны кезінде партияның басты назары батыстық мәдениет пен құндылықтардың кері әсеріне бөлініп отырғанын мәлім етті.
Бұл күні Қарағанды қаласында да батыстық өмір құндылықтары туралы сөз қозғалды.
«Батыс жастары отбасылық құндылықтар, дәстүр, бірізділік, үлкендерді құрметтеу, отансүйгіштік сияқты адамгершілік қасиеттерге мүлде жат тұтынушылық стандарттармен өмір сүріп жатыр. Мұның бәрі рухани нигилизмге үндейтін ашық насихаттың салдары. Мұндай қоғамда өмір сүретін адамдарың өмірлік қағидаттары – жалқаулық және материалдық ашкөздік, толық моральдық жауапсыздық», – деп атап өтті кездесу барысында сенімді тұлғалар.
Мемлекеттің басты байлығы – оның адамдары. Салауатты, зайырлы ұлт қағидаттары адамға нәресте шағынан сіңірілуі керек. Балалар тек пайдалы тағамдарды тұтынып, дене шынықтырумен айналысып, сезім, сыйластық және құрмет сияқты отбасылық құндылықтарды танып өсуі керек.
Кеше Қазақстан Коммунистік Халықтық партиясынан ұсынылған Қазақстан Респуб-ликасы Президенттігіне кандидат Тұрғын Сыздықовтың сайлауалды штабы атқарылған шаралары туралы айтып берді.
Өз жұмыстары туралы Президенттікке кандидат Маңғыстау облыстық сайлауалды штабының жетекшісі жеткізді. Сайлаушылармен кездесу барысында штаб марксизм-ленинизм қағидаттарының ескірмеген және өзекті бағыттарымен таныстырды.
Сондай-ақ, өздерінің жұмыстары туралы Көкшетау аймақтық сайлауалды штабы мәлімдеді. Облыстық комитеттің жетекшісінің айтуынша: «ҚКХП Қызылорда аймақтық штабы ҚР Президенттігіне кандидат Т.Сыздықовтың сайлауалды насихат жоспарына сәйкес сайлаушылар арасында өз жұмыстарын жүргізуде».
Кеше  Қазақстан Коммунистік Халықтық партиясынан ұсынылған Қазақстан Респуб-ликасы Президенттігіне кандидат Т. Сыздықов «Астанагазсервис» ЖШС жұмысшылары ұжымымен кездесті.
Кездесу барысында кандидат Сыздықов өзінің сайлауалды тұғырнамасының басты бағыттарымен таныстырды. Алдымен, ол Қазақстан Коммунистік Халықтық партиясының қызметі ғылыми социализм идеялары, маркстік-лениндік ілім мен прогрессивті қоғамдық ойларға негізделіп құрылғанын атап өтті.
Сонымен қатар, Тұрғын Сыздықов өзінің сайлауалды тұғырнамасының тағы бір қағидаты – батыс мәдениетінің теріс ықпалы жайында мәселе көтерді. «Руханилықтың мәнін түсіретін батыс құндылықтары мақсатты түрде астамшыл тұтынушылық сана қалыптастыруда», – деп атап өтті өз сөзінде.
Кездесу соңында Президенттікке кандидат Т.Сыздықов жиналғандардың кейбір сұрақтарына жауап берді және өзінің сайлауалды жұмыс жоспарымен бөлісті.
Сондай-ақ, кездесу барысында кандидаттың сайлауалды штабының жетекшісі А.Қоңыров жиналған жұртты сайлауалды штабтың жұмысымен таныстырды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар