Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ертеңгі күнге сенімді арттырады - АРҚА АЖАРЫ

Ертеңгі күнге сенімді арттырады

Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Нұрсұлтан Назарбаевтың Республикалық қоғамдық штабының мүшелері Атырау облысына келді. Бұл жерде олар ұлт Көшбасшысы жақтастарының Форумына қатысты, облыс белсенділерімен, Атырау мұнай өңдеу зауыты (АМӨЗ) мен «ШевронМұнайГазИнк» компаниясының қызметкерлерімен кездесті.

  Делегация құрамында – Республикалық қоғамдық штаб жетекшісі Мұхтар Құл-Мұхаммед, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек, ҚР Парламентінің депутаттары, белгілі қоғам қайраткерлері, сондай-ақ, мәдениет пен өнер саласының өкілдері бар.  
Алдағы сайлауда Елбасыға өз қолдауларын білдіру үшін «Жайық» спорт сарайына облыстың мыңдаған тұрғындары жиналды. Сөйлеген сөздерінде олар Қазақстанның табысты дамып жатқаны үшін Мемлекет басшысына алғыс білдірді. Одан әрі Салтанат сарайында РҚШ мүшелерінің Атырау облысының еңбек ардагерлерімен кездесуі болды.
Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, өңірдің құрметті тұрғыны Ілия Жақанов өз сөзінде Мемлекет басшысы саясатының әлеуметтік-экономикалық қана емес, сондай-ақ, мәдени саладағы табысты дамуға да бағытталғанын қадап айтты.   
«Мемлекет басшысының бастамасымен «Мәдени мұра» бағдарламасы іске асырылды, соның арқасында әлемдегі түрлі кітапханалар мен мұрағаттардан біздің еліміз үшін ерекше маңызы зор бірегей жәдігерлер табылып, Қазақстанға әкелінді», – деді Ілия Жақанов.
Өз кезегінде еңбек ардагері Любовь Монастырская бүгінгі қазақстандықтардың  ынтымағы жарасқан бір үлкен отбасы болуына,  Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасында дүниеге келген Қазақстан халқы Ассамбеясының атқарып жатқан қызметінің зор екенін  атап өтті.
Түстен кейін РҚШ мүшелері Атырау мұнай өңдеу зауыты қызметкерлерімен жүздесті. Ұжымның атынан зауыт қызметкері Әлфия Гумерова сөз сөйледі. Ол еңбек адамының қажеттілігін Мемлекет басшысының біреулерден есту арқылы ғана білмейтінін және еліміздегі барлық еңбеккерлердің оның қамқорлығын сезетінін атап өтті. Зауыт жұмысшылары да Еңбек Адамын қолдағаны үшін Елбасына алғыс айтты.
«Өндіріс цехының жұмысшысы ретінде мен жыл сайын бізде жаңа жұмыс орындарының пайда болуының, еңбек жағдайының жақсаруының, жетістіктерміздің артуының куәсімін. Осының бәрі біздің ертеңгі күнге деген сенімімізді арттырады, сондықтан да, мен өз отбасымның игілігі үшін, яғни, еліміздің игілігі үшін еңбек етемін және менің елімнің гүлдене түсуі үшін Елбасына дауыс беремін!», – деді Атырау мұнай өндіру зауытының хош иістелген көмірсутегі өндіру кешенінің операторы Қасиет Лұқпанов.
Кездесулер барысында Атырау облысының халқы алдағы сайлауда өздерінің Нұрсұлтан Назарбаевқа дауыс беретіндерін бірауыздан мәлімдеді.
Кеше, 15 сәуір күні Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат
Н.Ә. Назарбаевтың Республикалық қоғамдық штабының мүшелері Маңғыстау облысына барды. Сапар барысында облыс активімен, медициналық қызметкерлермен, аймақтың кәсіпкерлерімен, «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» АҚ және «Ақтау құю зауыты» ЖШС жұмыскерлерімен кездесулер өтті.
Делегация құрамында – Республикалық қоғамдық штаб жетекшісі Мұхтар Құл-Мұхаммед, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек, «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев, «Бiрлiк» партиясының төрағасы Серік Сұлтанғали, «КТК» стратегиялық даму бойынша директоры Артур Платонов, Парламент депутаттары, ҮЕҰ өкілдері, зиялы қауым өкілдері бар.  
Маңғыстау облысының активімен кездесу Н.Жантөрин атындағы облыстық музыкалық драма театрының қабырғасында өтті. Маңғыстаулықтар өңірдің дамуындағы Мемлекет басшысының ерекше рөлін атап өтті.
Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, «Народное согласие» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Юсуп Шахшаевтың айтуынша, облыс тұрғындары қашанда Елбасының сенімді тірегі болып қала береді.
РҚШ мүшелері Ақтау теңіз портының ұжымымен кездесті. Жұмысшы  Эйбат Хантеміров мәртебелі меймандардан Нұрсұлтан Назарбаевқа оның өз халқына жасап жатқан игі істері үшін алғыс білдіруді сұрады.
Сонымен қатар, РҚШ мүшелері облыстық қан орталығына барып, медицина қызметкерлерімен кездесті. « Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен құрылған, басты басымдықтарының бірі ретінде азаматтарымыздың денсаулығы белгіленген «Саламатты Қазақстан» бағдарламасының енгізілуінен кейін оның нәтижелері ұзақ күттіре қойған жоқ. Медициналық қауымдастық қысқа уақыттың ішінде қандай түбегейлі өзгерістердің болғанын байқады», – деді өз сөзінде облыстық перинаталдық орталығының реаниматологы Аймет Мұхаметов.
Кардиохирург дәрігер Жеңіс Қозыбаев Мемлекет басшысына «Болашақ» бағдарламасы үшін алғысын білдірді.
РҚШ мүшелері сондай-ақ, аймақ кәсіпкерлері және «Ақтау құю зауыты» ЖШС-нің жұмыскерлерімен кездесті. Олар Мемлекет басшысына Маңғыстау облысына көрсеткен қолдауы және дамытуы үшін алғыстарын айтты.
Аймақ тұрғындары 26 сәуір күні Ұлт көшбасшысына дауыс беретіндеріне сендірді. Өйткені, Нұрсұлтан Назарбаев – Қазақстанның тұрақтылығы мен гүлденуінің кепілі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар