Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Есеп беру нәтижесі – нақтылы өзгерістерде - АРҚА АЖАРЫ

Есеп беру нәтижесі – нақтылы өзгерістерде

Елде жүргізіліп жатқан әлеуметтік-экономикалық және саяси реформалар, мемлекеттік индустриалды-инновациялық бағдарламаларды іске асыру, ауылды дамыту, тұрғын үй құрылысы туралы тұрғындарды ақпараттандыру және адамдардың өмір сүру деңгейін жақсарту жөніндегі мәселелерді шешу, сондай-ақ алдағы уақытта қоғамды топтастыру үшін,  ағымдағы жылдың 14 қаңтарынан бастап 18 ақпан аралығында облыс өңірлерінде барлық деңгейдегі әкімдердің тұрғындармен есеп беру кездесулері өткізілді.
Есеп беру кездесулерінде 1151 адам сөз сөйледі, 780 ұсыныс енгізілді, мемлекеттік органдар басшыларының атына сыни ескертулер айтылған жоқ.   
Барлық 780 ұсыныс әлеуметтік сипатта болды, экономикалық және саяси сипаттағы ұсыныстар келіп түскен жоқ.  
665 (85,3 пайыз) ұсыныс пен ескерту бо-йынша түсініктеме берілді. 101 (12,9 пайыз) ұсыныс іске асыру жөніндегі өңірлердің іс-шаралар жоспарларына қосылды. Облыс әкімдігінің қаулысымен бақылауға алынды – 14 (1,8 пайыз), оның ішінде республикалық деңгейде шешілетіні – 2, облыстық деңгейде шешілетіні – 2.  
2015 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 2 (16,7 пайыз) ұсыныс орындалды, оның ішінде облыстың коммуналдық кәсіпорындары үшін мамандандырылған техника сатып алуға облыстық бюджеттен 200,0 млн.теңге бөлінді. Мемлекеттік – жеке әріптестік аясында Атбасар ауданының Полтавка орта мектебін жөндеуге 44,0 млн.теңге, оның ішінде: шаруашылық субъектілерінің қаражатынан 24,0 млн.теңге қарастырылды. Ағымдағы жылға жасалған меморандумға сәйкес «Полтавка» ЖШС аталған мектепті жөндеуге 10,0 млн.теңге бөледі.   
Барлық деңгейдегі әкімдердің есеп беру кездесулерінің барысында тұрғындармен айтылған ұсыныстарды орындау жөніндегі барынша толық ақпарат облыс әкімінің сайтында орналастырылды.  

 Николай ПОЛИТКИН,
облыс әкімі аппараты
басшысының міндетін атқарушы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар