Кеше Алматыдағы Ғабит Мүсірепов атын-дағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры гастрольдік сапармен келіп, Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музы-калық-драма театрында драматург Иран-Ғайыптың «Естайдың Қорланы» махаббат-намасын көрермен назарына ұсынды.
Аталмыш театрдың директоры – Сұлтан Срайлов, көркемдік жетекшісі – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жас-тар одағы сыйлығының лауреаты Ерлан Біләлов.
Алдағы күндері театрсүйер қауымның Сайд Ахмадтың «Келіндер көтерілісі» комедиясы мен Георгий Хугаевтың «Қара шекпен» әфсанасын тамашалауға мүмкіндігі бар. Сонымен қатар, гастрольдік сапар аясында күн сайын балаларға арналып Ө.Боранбаевтың «Ер көжек» ертегісі қойылуда.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.