Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ой қосуыңызға болады - АРҚА АЖАРЫ

Ой қосуыңызға болады

Соңғы бес-алты  жылдан бері сәуірдің 15-ші жұлдызын «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» – ғашықтар күні деп атап жүрміз.
Бірақ, бұл күннің ешбір құжатпен белгіленбей, ешбір тарихи оқиғаға да негізделмегені анық.

Аталмыш мерекені атап өтуді бірінші болып республика көлемінде Оңтүстік Қазақстан облысының бір азаматы ұсынып, жастар ұйымдарын, оқу орындарын, ақпарат құралдарын соған шақырған. Батыстағы мерекелерді ескеріп, ешқандай күнге тура келмесін деп дәл осы күнге қойылған болуы керек. Қазақстанда «Еңлік-Кебек», «Қыз Жібек» сияқты түрлі ғашықтардың атымен аталатын махаббат мерекесін тойлау туралы ұсыныстар да кеңінен  айтылып, жазылғандығы тағы бар. Іс жүзінде олардың ешқайсысы 14 ақпан күнгі «Әулие Валентин» сияқты «кең дәрежеде» аталып өткен емес. Бірақ, ұлттық мерекенің қоғамға сіңіп кететіне сенетін адамдар көп екен.
Қазір бұл мерекенің ұлттық сипат алуы-на біраз жұрт интернет арқылы да күш салып жатқан сияқты. Сәуірдің 15-і күні түрлі блогтарда ұлттық мерекені қолдауға шақыратын жазбалар пайда болса, дәл осы күні виртуалды ақындар мүшәйрасы да жарияланып жатады.
Бір жағынан қарасақ, «Валентин күнін» тоқтату үшін осындай «Ғашықтар күнін» ойлап тапқандық – құптарлық іс. Дегенмен, махаббат деген сезімді қыз бен жігіттің арасындағы махаббатпен ғана байланыс-тырып, соның аясында ғана қалдыруға болмайды. Бұл ананың балаларына деген, баланың ата-анасына деген махаббаты сияқты кең ауқымда қарастырылуы керек деп ойлаймын.
Бұл мереке сонымен қатар, жастар ұйымының есеп беру амалына да айналып отырған сыңайлы. Бұлай дейтініміз, түрлі деңгейдегі әкімшіліктегі жастардың ұйымдары жастарды жинап, жеңіл тақырыптарды қозғап, олардың басын қосып, әйтеуір, жұмыс істеп жатқандай болады. Мұндай мейрамдарды өткізу үшін белгілі бір деңгейде қаржы да бөлінеді. Сондай-ақ, мұндай мерекелерді өткізуге демеушілер де табылып жатады. Сондықтан, қаражатты жұмсау үшін, «жастар бөлімі жұмыс істеп жатыр» деген бір түсінік қалыптастыру үшін кейбір кезде осындай бір жасанды мейрамдар ойластырылып жататын сияқты. Сіздіңше, мұндай мерекенің бізге қажеті бар ма? Ой қосуыңызға болады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар