Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Сенбілікке шығайық - АРҚА АЖАРЫ

Сенбілікке шығайық

Кеше облыс әкімінің орынбасары Дулат Нұрмолдиннің төрағалығымен өткізілген жиында 18 сәуір күні облыс аумағында ұйымдастырылатын сенбілікке әзірліктің жай-жапсары пысықталды.

  Облыс әкімінің орынбасары алдағы тазалық айлығы, оның ішінде бүгінгі күні баса назар аударылып отырған сенбілік барысында атқарылатын шаруа жайын таратып айтып берді.
Мұнан соң Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары Амангелді Смайылов хабарлама жасады. Сенбілікке облыс орталығының жұртшылығы, мемлекеттік және жекеменшік ұйымдар мен жоғары және орта оқу орындарының ұжымдары бірлесіп, ұйымдасқан түрде шығу, елдік істе бекем бірлік таныту межеленіп отыр. Қазіргі таңда тұрмыстық қалдықтарды артатын және тасымалдайтын 68 техника бірлігі, сондай-ақ, қажетті қаптар мен жол жиектерін, ағаш түптерін ақтайтын әктас дайын. Барлық жұмысты үйлестіру үшін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығында диспетчер қызметі ұйымдастырылады.
–Ендігі бір мәселе,–деді қала әкімінің орынбасары Амангелді Смайылов,–жалпыхалықтық сенбілікке шығатын адамдардың санын көбейту. Сондықтан да, жоғары және орта арнаулы оқу орындарының басшыларына ұсыныс жасау, жалпы қала тұрғындарына үндеу жариялау көзделіп отыр.
Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Чапай Әбутәліпов  ардагерлердің  де ортақ істен тартынбай, білек сыбана көмектесетіндігін жеткізді. Шешен одан әрі ағашты егу барда, кейін суарып күту бар екендігіне тоқталды. Содан соңғы бір мәселе сенбілікті сенбі күнінен бейсенбі күніне ауыстыру. Өйткені, сенбі күні адамдардың отбасылық мерекелері, өзге де шаруалары көп болады. Сондықтан, қабаттастырмай, бейсенбі күні өткізсе, оң болар еді,  деді ол.
Облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Гүлжанар Шөкеева барша халықты құлақтандыру, ортақ іске жұмылдыру жа-йына тоқталды. Содан соң соңғы кезде арыз-шағымы көбейіп кеткен Жеңіс көшесінде қалыптасып отырған жағдайға назар аударды.
Жиын соңында қажетті техника, бекітілген аумақтар төңірегінде туындаған сұрақтар пысықталды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар