Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бәрі де – өзекті мәселелер - АРҚА АЖАРЫ

Бәрі де – өзекті мәселелер

Облыс әкімі Сергей Кулагиннің төрағалығымен өткен аппарат кеңесінде көктемгі су тасқынының алдын алу, кезектен тыс Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауын ұйымшылдықпен өткізу, облыстағы елді мекендерді көгалдандырып, абаттандыру мәселелері қаралды.

Алдымен облыс әкімі Сергей Кулагин Мұрат Балпанның облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы, Берік Мұстафиннің облыстық  кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысы болып тағайындалуына байланысты жаңа лауазымдарымен құттықтап, жұмыстарына сәттілік тіледі.    
Облыс әкімінің бірінші орынбасары Қадырхан Отаров облыстағы көктемгі су тасқынының алдын алу мәселелері туралы баяндама жасады. Шешен өз сөзінде жергілікті атқарушы органдар осы бір өзекті мәселеге орай күн ілгері кешенді шаралар жоспарын жасағандығын, сол жоспарға сәйкес қыруар жұмыс атқарылғандығын баяндап шықты.
Самарқант және Қарағанды облысындағы Шерубай-Нұра су қоймасынан босатылған судың Нұра өзеніне құйылуы бүгінгі күні қалыптасып отырған жағдайды шиеленістіріп жіберуі мүмкін. Өзен жағалауында Целиноград, Аршалы, Қорғалжын аудандарына қарасты 25 елді мекен бар. Әр күн сайын Нұра аңғарына 220-250 миллион текше метр су құйылуда. Бұл Астана су қоймасының 60 пайызы немесе Шағалалы су қоймасынан он есе артық. Мұншалықты көлемдегі су біздің облысқа тұңғыш рет келіп отыр.
Аршалы, Қорғалжын және Целиноград аудандарындағы топан су қауіп-қатерінің нышаны бар жерлердегі апаттың алдын алу шаралары жүзеге асырылуда. Мұндай ілкімді іс-қимыл Шортанды ауданына қарасты Степной селосының маңында да жүзеге асырылуда.
Ендігі бір мәселе ауыл, село тұрғындарының өз елді мекендерінің қауіпсіздігіне салғырт қарайтындығы. Айталық, қыс бойы үй-жайларының маңындағы, көшелердің бойындағы тау-төбе болып үйілген қарлар тазартылмайды.
– Ерейментау ауданында ешқашан су тасқыны болған емес, – деді облыс әкімі, – биыл қауіп біз күтпеген жерден келді. Оған біріншіден, қардың күрт еруі себеп болып отыр. Қауіп-қатер әлі де сейілген жоқ. Сондықтан, арқаны кеңге салатын уақыт емес, кез-келген төтенше оқиғаға дайын болуымыз керек.
Екінші мәселе, кезектен тыс Қазақстан Республикасы Президенті сайлауын ұйымшылдықпен өткізу. Осы жауапты науқанға дайындық барысы туралы облыс әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы Николай Политкин хабарлама жасады. Ол өз сөзінде сайлаушылар тізімдерінің нақтыланып, сайлау учаскелері қажетті құрал-жабдықтармен толық жабдықталғандығын айтып өтті. Бір сөзбен айтқанда, сайлауға қажетті техникалық мүмкіндік толық жүзеге асырылған. Ендігісі тек үгіт-насихат жұмыстарын үдетіп, сайлаушылардың сайлау учаскесіне  келуін қамтамасыз етті. Сондай-ақ, көктемгі су тасқыны кезінде апатқа ұшыраған елді мекендердегі адамдарды сайлауға қатыстыру жайын және бір пысықтау. Облыстық ішкі істер департаментінің басшысы Жайлаубек Халықұлы жауапты науқан кезінде қоғамдық тәртіпті сақтау және басқа да бірқатар мәселелерге тоқталып, әзірліктің тап-тұйнақтай атқарылып жатқандығын баяндап берді. Ал, «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы Ақмола облыстық телекоммуникациясының бас директоры Асқар Нұрымжанов
жауапты науқан кезінде сайлау учаскелерінде байланыс жүйесінің мүлтіксіз жұмыс істейтіндігін, қазіргі күні облыстың барлық елді мекендерімен байланысты қайтадан тексеру үстінде екендігін жеткізді.
Көкшетау қаласының әкімі
Ермек Маржықпаев алдымен көктемгі су тасқынына қарсы қолданылған шаралар туралы, сондай-ақ, облыс орталығын көгалдандыру, абаттандыру мақсатында өткізілген сенбілік жайында баяндап берді. Облыс әкімі қалаға жылу беру маусымын ұзартуды, бала бақшалар, білім ошақтары, ауруханалар жылусыз қалмауын тапсырды. Сондай-ақ, сенбілікті дәстүрге айналдыру қажеттігін де атап көрсетті.    
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар