Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Түсіністік бар жерде осылай - АРҚА АЖАРЫ

Түсіністік бар жерде осылай

Аудан кәсіпкерлері көктемгі ықтимал су тасқынынан туындаған мәселелерді шешуге белсене атсалысуда. Биылғы жылдың су тасқынына өңірдің барлық қызметі дайындалғандықтан, бүгінгі таңда олардың бірлескен қимылы нәтижесін беріп отыр.

Көзделген барлық шаралар тыңғылықты орындалуда. Бұл жұмысқа ауданның бизнес өкілдері үлкен көмек көрсетті. Өткен жылы су тасқынынан зардап шеккендер үшін 3 миллион теңгенің тамағы кәсіпкерлер күшімен ұйымдастырылған еді. Сондай-ақ, техника мен күнделікті тұтынатын тауарлар жағынан көмектесті.
Биыл да олар алдыңғы қатардан көрініп, су тасқынына қарсы күресте жергілікті атқарушы органдарға қолұшын созып отыр. Еріген суды ағызу үшін сайлар тазалануда. Қауіпті аумақтардан отбасылар және олардың мүлкі көшірілді. Суды тоқтататын бекініс үшін құм, қиыршық тас, күл тасымалдануда. Тұрғындардың мүлкін сақтау үшін арнайы орын бөлінді. Мәселен, «Фолян және К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мүлік қою үшін өздерінің барлық қоймаларын ұсынды. Зардап шеккендерге көмектесу үшін автокөлік, арнайы техника мен кәсіпорын жұмысшыларын бөлді. «Ерлан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі көмекке тіркемесімен екі «КамАЗ» және арнайы техника жіберді. Сондай-ақ, кәсіпорын зардап шеккендер мен су тасқынымен күресушілерге  монша мен қонақ үй қызметін тегін ұсынуды көздеп отыр.
Бұл ауданда су тасқыны қауіпінен күрделі жағдай қалыптасқан еді. Апаттың күшін кері қайтару үшін арнайы штаб құрылды. Өңірдің 90 шағын және орта бизнес субъектісі су тасқынына қарсы шараларға қатысуда.
Облыстық кәсіпкерлік палатасының баспасөз қызметі.
Атбасар ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар