Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Адам табиғатпен үйлесімде болуы керек - АРҚА АЖАРЫ

Адам табиғатпен үйлесімде болуы керек

Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Әбілғазы Құсайынов Шығыс Қазақстан облысының жұртшылығымен кездесті. Кездесу кезінде үміткер сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарымен таныстырып, қоршаған ортаның проблемаларына өз алаңдаушылығын білдірді.

«Атмосфераның, топырақтың, әлем мұхиттарының ұзақ уақыттан бері әрі үздіксіз ластануына қарап, экологиялық ахуал әлемдегі нөмір бірінші проблема деу-ге болады»,  –  деп атап өтті  Ә.Құсайынов.
Кандидат мәлімдегендей, көлік құралдары мен өнеркәсіптік кәсіпорындар оттегін көп мөлшерде пайдаланып, адамдар оны қалпына келтіруге асығар емес, тіпті қалдықтарды тазартуға күш салып отырған жоқ.
Адамзаттың табиғатқа қарсы қатыгез тұрмыс-тіршілігі Жер шарының экожүйесіне үлкен қауіп төндіруде. Мұндай қарым-қатынасты өзгертетін кез жетті.
«Адам биосфераны жеке қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін пайдалана бастады.
Алайда, қоршаған ортаны қаншалықты өзгертуге тырысқанымызбен, Жер бетіндегі тіршілік табиғаттың қатаң заңына бағынып дамиды. Сондықтан, адамзат өркениеті тұрақты даму үшін осы заңдар мен қағидалардан ауытқымауымыз керек.
Табиғатпен үйлесімді өмір сүру – адамның Жер бетіндегі өмір салтының негізгі қағидасы», – деп атап өтті Әбілғазы Құсайынов.
Дегенмен, Құсайыновтың пікірінше, жоғарыда айтылған фактілерге, әсіресе адам мен табиғат арасындағы байланысқа қарап, адамдар табиғат аясын, оның ішінде өзі өмір сүріп жатқан қоршаған ортаны құртып жатыр деген ой түюге болады.
«Қауіпті өндіріспен айналысатын барлық ұйымдар өз жұмысшыларының, нысандары мен қоршаған ортаның қауіпсіздігіне жауапты.
Қандай әлеуметтік қайшылықтар туындамасын, табиғатпен үйлесімді өмір сүру әрбір адамның басты міндетіне айналуы тиіс», – деді Әбілғазы Құсайынов.
Соңғы жүзжылдықта өнеркәсіптік өндірістің өсуімен табиғи орта ластанып, шикізат қорының тапшылығы сынды мәселелер туындауда.
Осындай қанағатсыз әрекеттің кесірі айналып келгенде адамның өзіне үлкен соққы болып тиюде. Сондай-ақ, әлем мұхиттарына, климатқа, жануарлар мен өсімдік әлеміне үлкен қауіп төндірді.
Қазірдің өзінде, кандидаттың айтуынша, қоршаған ортаның пайдалы экологиялық қасиеттері үлкен өзгеріске ұшырап, әлемдік қауымдастықтың тұтастығы мен өркениеттің дамуына қауіп төндіріп тұр.
«Адам табиғат пен өзін құтқару үшін не істеу қажеттігін қазірден ойластырғаны дұрыс. Әсіресе, жойылып кетуге жақын тұрған жануарлар мен өсімдіктерді қорғау керек деп есептеймін. Олардың азаюына себеп болып отырған азық-түліктен бас тарту қажет.
Осы орайда, экологиялық білімді кеңейтіп, дамыту маңызды. Бүгінде экологияны өз үйіміз туралы ғылым ретінде қабылдап, сезінуіміз керек. Яғни, биосфера, оның даму ерекшелігі мен бұл процестегі адамның рөлін жақсы түсінгеніміз жөн. Осы жерде экология саласындағы ғылыми зерттеулерді көбейту қажеттігі туындайды», – деп жалғастырды кандидат.
Оның пікірінше, жалпы білім беру мектептерінде экология және өнеркәсіптік қауіпсіздік негіздері бойынша міндетті пән енгізу маңызды.
Табиғи ресурстарды тұтыну көлемін азайту қажет, себебі, ертелі-кеш оның қоры таусылып қалуы мүмкін. Бар күшімізді жаһандық жылыну көлемін азайтуға жұмсайық. Ол үшін атмосфераға зиянды қалдықтар тастауды доғару керек.
«Сонымен қатар, баршаңызды энергия мен су ресурстарын тиімді тұтынуға шақырамын», – деп атап өтті кандидат.
«Жер шарының 70 пайызын су алып жатыр. Алайда ауызсудың көлемі шектеулі. Себебі, айналаны қоршаған сулардың 97 пайызы теңіздер мен мұхиттарға тиесілі. Қалған 3 пайызы мұздықтардың құрамында немесе жеті қабат жер астында жатыр.
Сонымен қатар, өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселесіне назар аудартқым келеді. Адамның барлық шаруашылық қызметі қоршаған ортаға зиянын тигізбейтіндей жүргізілуі керек.
Қауіпті өндіріспен айналысатын барлық ұйымдар өз жұмысшыларының, нысандары мен қоршаған ортаның қауіпсіздігіне жауап-ты. Барлық кәсіпорындар өз жұмыстарын қоршаған ортаға ықпалы мейлінше аз болатындай етіп жүргізулері керек», – деп қорытты Әбілғазы Құсайынов.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар