Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
География ғылымының негізін салушы - АРҚА АЖАРЫ

География ғылымының негізін салушы

Шоқан Уәлихановтың гуманитарлық география туралы ізденістері, мен практикалық жұмыстарына Қашқа-рия естеліктері «Алты шаһар жағдайы», «Жоңғар естеліктері», «Есік-көл естеліктері» тағы басқалары жатады.

Өкінішке орай, Шоқанның еңбектерін Ресей отаршылдығы мейлінше игілікке пайдаланды, бірақ оның өз алдына стиль қалыптастырған ғылыми ілімін, зерттеу әдісін дәріптемей тұншықтырды. Бүгінгі күні егеменді ел болған заманда оның ұшан-теңіз еңбектерін ғылыми еңбек ретінде ғана емес, Шоқанның географиялық ілімі ретінде зерттеудің реті келген сияқты. Біздегі үлкен қателік бұрынғы ғалымдарымыздың үлкен ғылыми еңбектерінің теориясын, әдісін зерттеуге, оны дүниеге танытуға ешкім құлық танытпайды, тек басқа тілдерге аудару жағынан көбірек көңіл бөлінеді. Мәселен, Абай, Шәкәрім, Шоқан және басқа бұрынғы философ жыраулардың еңбектерін ғылыми теориялық тұрғыдан зерттейтін болсақ, қазақстандық ұлттық дербес ғылыми жүйе қалыптасар еді. Егер Шоқан географиялық зерттеудің ұтымды теорияларын білмесе, соншама мол ғажайып туындыларды жарата алмас еді.
Бүгінгі күні Орта Азияның гуманитарлық географиясы сөз болса, Шоқанды сөз етпейтін ғалымдар жоқ. Әсіресе, Қытайдағы әр ұлт ғалымдары бүгінге дейін Шоқанның гуманитарлық география саласындағы еңбектеріне үлкен құрметпен қарап өз еңбектеріне арқау етіп келеді.
Ұйғыр филология ғалымы Ғайратжан Османның ұйғыр әдебиеті және Науаи Қашқариямен Қоқан әулеті атты еңбектерінде Шоқан Уәлиханов шығармаларын кеңінен пайдаланған.
Шоқан Уәлиханов Қашқария естеліктерінде 1858-1859 жылдары биік таулы жерлерден жолбарыс, қар барысы, қабан, қырғауыл қатарлы жануарларды көрдім, бұл жануарлар жазық жерлерді де мекендеген деп жазған. Ал, Ресейлік Перуарский бұл жағдайды 1876-1877 жылдары көргенін айтады. Сдеун Хеден болса Перуарскийден кейін байқаған. Шоқанның бұл деректері Қытай зерттеушілері арасында үлкен аңызға айналды, кейбіреулер бұны жалған дерек деп ойлады. Бірақ, кейінгі кездерде Үрімшіден 100 шақырым келетін Шыңжаң Құтыби ауданы «Қақпақтас» петрологиясын байқалған адаммен жолбарыстың мүшеге табыну дәуірін бейнелейтін суреті Шыңжаңда жолбарыс болған деген көзқарасты бір адым алға жетелегендей болды. Қазіргі кезде ғалымдар Шыңжаң жолбарысының болғанын әрі оның сұр түсті екенін, дене тұрқының 3 метр, салмағы 200-300 кг екенін және ол тарихтағы Каспий жолбарысының тұқымдасы екенін дәлелдеді Қашқар саяхатында.
Мұнда Шоқан тарихтағы байырғы үйсін жолын жақсы зерттеген. Таяу заманда үйсін байырғы жолы Шыңқияңның Іле өңірінің оңтүстіктегі Ақсу Қашқар сияқты жерлерін тұтастыратын негізгі жолы және тарихтағы Жібек жолының бір тарамы болған. Шоқан Алматыдан Қытайдың Қорғас өткелі арқылы Құлжа қаласына, одан кейін өзі жақсы білетін Моңғолкүре немесе Текестің (бұдан бұрын Мозарт асуы арқылы Есіккөлден Текес өңіріне келіп, Манас эпосын жинақтаған) ауылдары Шаты, Шұңқыстай арқылы Тянь-Шанның Мозарт асуын асып, Ақсудың Бай ауданы немесе Онсу ауданы арқылы Ақсуға барған.
Ал, гуманитарлық география ғылымына келсек мұны зерттеу әдісін, объектісін қамтитын мазмұндарын Шоқан Уәлиханов 1858 жылдардың өзінде жетік меңгерген. Бұны оның еңбектерінен анық көруге болады. Өкінішке орай, қазақ елінде оның географиялық теориялары, методикалық әдістері кешенді зерттелмеген.
Тарих тұрғысынан ғана ізденістер жүргізу бұл әрине қазақ география саласындағы үлкен бір олқылық. Біз қазақстандық география ғылымының ұлттық жүйесін ойластырар болсақ, Шоқанның географиялық теорияларын алдымен ұлттық оқу құралы ретінде пайдалануымыз керек.

А.СЕКЕНҰЛЫ,
О.МАЗБАЕВ,
А.САНСЫЗБАЕВА,
Л.Н.Гумилев атындағы
Еуразия ұлттық университеті.

Астана қаласы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар