Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Кең сахараның жарық жұлдызы - АРҚА АЖАРЫ

Кең сахараның жарық жұлдызы

Бүгiнде Ш.Уәлиханов, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Дулатов,  Ш.Құдайбердиевтердің рухани мұраларын жас ұрпаққа бiлiм, тәрбие беруде кеңiнен пайдалануға кең жол ашылды.

Ш.Уәлихановтың еңбектерiне талдау жасағанда олардың әрқайсысында белгiлi тәрбиелiк маңызы бар идеялар айрықша көзге түседi. Ағартушы өзінің еңбектерінде дүниенің ішкі сырын ақыл-ой, сезіммен білуге болады, адамның әділетті, әділетсіз болуы, ақыл мен жүрек ісі, терең ойлап ақыл мен іс қылуы адамдықтың парызы деп санайды. Шоқан туған халқының әдет-ғұрпы мен психологиясының біраз жақтарын талдай келіп, қазақ арасындағы кейбір жағымсыз әдеттерді мейлінше сынады, бұларды қазақ қауымын ілгері бастырмай келе жатқан мерездер деп ашынды. Осындай феодалдық өмірдің бас-ты мерездерінің бірі – барымта екендігін, оның жұрттың көпшілігі баюдың, мал жинаудың ең жеңіл әдісі деп қате түсініп жүргенін дәлелдеді. Ол мұндай «кәсіппен» айналысқан адамның еңбекке ынтасы болмайды, ал белгілі бір кәсіппен айналысу уақыт, зор ынта тілейді деп дұрыс тұжырымдады. Осылайша ол жастарды да мұндай жағымсыз кәсіптен бойын аулақ салуға шақырды. Бұл жағымсыз жексұрын әдеттің адамды арамтамақтыққа, еріншектікке итермелейтінін айта келіп, ол қазақ даласында түрлі кәсіптің дамуына оның кедергі келтіретіні жөнінде дұрыс қорытынды жасады.
Ш.Уәлиханов өз елінің оқу-ағартушы мен ғылымын дамыту үшін күресті. Қазақ халқының мәдениет пен экономика саласында артта қалуына қатты қынжыла да қинала ой айтып, халық бұқарасын сол азаптан арылту жолында талмастан үлкен жұмыс жүргізді. Оның орыс-қазақ мәдени-педагогикалық байланысының тарихындағы өшбес еңбегі ол орыстың озат білімі мен ғылымын таратушы, насихаттаушы болды, артта қалушылық пен надандыққа қарсы күресті.
Шоқан Уәлиханов ағарту мәселесінде орыстың революциялық-демократиялық педагогикасының бағытына жақын болды. Оның ойынша, мектептер ұйымдастыруда тәрбие мен білімнің халықтығы қағидасына сүйену қажет. Тілмаштар мен билеп-төстеуші шенеуніктер әзірлейтін мектептердің орнына еуропалық ғылым мен гуманизмді таратушы мектептер мен тәрбие жүйесін ұйымдастыруды арман етті. Шоқан қазақтар арасында орыс білімін, оның ғылымы мен өнерін таратудың тиімді шаралары үшін күресті. Ол Қазақстанда «нағыз шынайы білімдер» ұясы болатындай мектеп түрлерін ұйымдастыруды талап етті. «Тек ақиқат білім ғана күдіктерден құтылуға жәрдем етіп, өмірмен материалдық әл-ауқатты бағалауға үйретеді» деді ол. Халықтық тәрбиенің жаңа жүйесін ойлас-тыра отырып, Шоқан ең алдымен жасөспірімдерді ғылым мен техниканың табыстарымен, дүние жүзі мәдениетінің бай қазынасымен таныстыра алатындай дүниежүзілік білімдерді енгізуді жақтады.

Шолпан ДҮЙСЕМБЕКОВА,
Ғалия СМАҒҰЛОВА,
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті мен М.Әуезов атындағы Семей педагогикалық колледжі.

Семей қаласы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар