Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Тағзым - АРҚА АЖАРЫ

Тағзым

 Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай, облыстық ішкі саясат басқармасының бастамасымен «Қазақстандық Жеңіс лентасы» атты жастар акциясы ұйымдастырылды. 

  Алдымен, соғыс ардагерлері мен жас-тар облыс орталығындағы «Мәңгілік алау» ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, сұрапыл соғыста қаза тапқан майдангерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды. Шара барысында сөз алған  облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Гүлжанар Шөкеева қан майданда Отан үшін жан аямай айқасып, бейбіт күнде еңбекке араласқан,  өмірлік тәжірибесін жастармен бөлісіп, әлі де ел дамуына сүбелі үлес қосып келе жатқан ардагерлерден кейінгі буынның алар өнегесі мол дегенді айтты.
– Жеңіс күні – барша халыққа ортақ қасиетті мереке. Бұл күннің қадірі әр қазақстандық отбасы үшін айрықша. Себебі, бұл күн – адамзаттың жүрегіне өшпес жара салған зұлмат соғыстың аяқталған күні, – деді өз сөзінде басқарма басшысы.
Ұлы Отан соғысының ардагері Жават
Гадулкафеев болса, 1941-ші  жылдың – сынақ, 1943, 1944-тің – Германияны күйрету, 1945-ші жылдың – Жеңіс жылы  болғандығын айтып, мұндай қасіретті келер ұрпақтың көрмеуін тіледі.
Бұдан кейін мыңнан астам белсенді жас ені – 1,5, ұзындығы – 70 метр болатын «Жеңіс лентасын» қала көшелерімен алып өтіп, тұрғындарға «9 мамыр – Жеңіс күні» белгішелері бар мерейтойлық ленталарды таратты. Сондай-ақ, 70 саны түрінде әзірленген әуе шарлары салтанатты жағдайда аспанға ұшырылды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар