2015 жылғы 27 сәуірде сағат 10.00-де Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының брифингі өтті, оның барысында Ортсайлауком Төрағасы
Қ.Тұрғанқұлов Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауына сайлаушылардың келуінің соңғы қорытындыларын жария етті. Ол 95,22 %-ды құрады.
Сонымен қатар, облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларынан келіп түскен жедел деректер негізінде сайлаудың алдын ала қорытындылары анықталды.
ҚР ОСК-ға келіп түскен ақпаратқа сәйкес сайлаушылар дауысы келесідей бөлінді:
Әбілғазы Қалиақпарұлы Құсайыновқа сайлаушылардың 0,7 пайызы дауыс берді.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа – 97,7 пайыз.
Тұрғын Ысқақұлы Сыздықовқа – 1,6 пайыз.
Ортсайлауком Төрағасының мәлімдеуін-ше аумақтық сайлау комиссиялары хаттама-ларының келіп түсуіне қарай бұл деректер нақтыланады, бұған заңнамамен екі күн беріледі.
Сайлау туралы заңға сәйкес 26 сәуірде өткен Қазақстан Республикасының Президентін сайлаудың соңғы нәтижесімен Орталық сайлау комиссиясы сайлаудан кейін жеті күн мерзімнен, яғни, 2015 жылғы 3 мамырдан кешіктірмей белгілеуі тиіс.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз қызметі.