Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Халықтың ықыласы қуантты - АРҚА АЖАРЫ

Халықтың ықыласы қуантты

Мемлекет басшысын сайлауды ел келешегін, болашақ бағдарымызды айқындау деп білген сайлаушылар арайлап атқан таңмен бірге таңдаған кандидаттарына дауыс беруге бет алды. Белсенді азаматтық ұстанымын көрсеткен жұртшылықтың арасында өңір басшысы Сергей Кулагин де  болды.

  Облыс әкімі таңғы сағат сегізден Көкшетау қаласындағы №6 сайлау учаскесіне барып, елдің ертеңі,  бақытты болашағы үшін кезекке тұрып, дауыс берді. Жалпы, аталған учаскелік сайлау комиссиясының төрайымы  Ирина Головченконың айтуынша, бұл учаскеде дауыс беруге құқылы 2635 тұрғын бар екен. Оның қырыққа жуығы әртүрлі жағдайларға орай тұрақты мекен-жайларынан тыс жерлерде өз таңдауларын жасады. Тағы 31  азамат денсаулығына байланысты өз үйлерінде да-уыс береді. Олардың қатарында зейнеткерлер, ардагерлер мен мүгедектер бар.
– Бізде 12 азамат алғаш рет дауыс бермек. Биылғы сайлауда бір байқағаным, бұл жолы әсіресе, жастардың белсенділігі жоғары, – деді комиссия төрайымы.
Иә, бұл пікірдің жаны бардай. Сайлауалды науқанда жаңа заманауи технологиялар мен әлеуметтік желілердің көмегімен отандастарын бірауыздан дауыс беруге шақырған жастар сайлауда да өз белсенділіктерімен көзге түсуде.  Оны учаскеге ағылып келіп жатқан кейінгі буын өкілдерінің санынан да көруге болады. Соның бірі  Айбек Кемелдің айтуынша, ел сенген жастардың өз Отанының болашағына бейжай қарай алмауы заңдылық. Жас жігіттің өзі де ертеңіне сенім ұялатар, халықты соңынан ертіп, нақты бағдарламаларымен жарқын жеңістерге жол ашар көшбасшы деп таныған адамына дауыс берген.
Жасы алпысқа таяп қалған Бақыт Нұғыманова өз ұрпағы, балалары мен немерелерінің  ертеңін ойлап сайлауға келіпті.  Ол әр азаматтың дауысының маңызды әрі шешуші болуы мүмкін екендігін айтады. Ерінбей таңмен таласа тұрып, таңдауын жасауға асыққандығы да сондықтан екен.
Біз саяси науқан  қаншалықты әділ әрі бейтарап өтуде деген сауалмен  Қазақстан Республикасындағы сайлауды бақылау жөніндегі республикалық қоғамдық  комиссияның өкілі Виктор Гей мырзаға жолыққан едік. Бақылаушының айтуынша, ол учаскеге  сағат таңғы алтыдан келіп,  дауыс беру дүңгіршектері, жәшіктер мен тізімдерді тексеріп шыққан. Бұл жерден артық үгіт-насихат материалдарын кездестірмегендігін айтады.  Мемлекеттік Әнұран шырқалғаннан кейін таңғы жетіден халық ағылып келе бастапты. Алғашқы дауыс берушілер кәде-сыйларға да ие болған. Мұндағы жұртшылықтың белсенділігін айналасы бір сағаттың ішінде 50-ге жуық азаматтың дауыс бергендігінен де байқауға болады. Өз таңдауын жасауға асыққан халықтың қарасы сәлден кейін тіпті көбейе түсті.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар