Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жеңімпаздар маршына ұласты - АРҚА АЖАРЫ

Жеңімпаздар маршына ұласты

Президент сайлауы облысымыздың өзге қала-лары мен аудандарында да сайлаушылардың өте жоғары белсенділігімен өтті. Ал, түнде сайлау нәтижелері бойынша экзит-полл қорытындылары жарияланған жаңалықтар шығарылымы көрсетілгеннен кейін «Тәуелсіздік» алаңында Жеңімпаздар маршы өтті.

  Президент сайлауында Нұрсұлтан Назарбаевтың жоғары дауыс жинап, жеңіске жетуіне орай зиялы қауым өкілдері, ведомство басшылары, студент  жастар облыс орталығындағы Тәуелсіздік алаңына жиналып, Көшбасшысын таңдаған елдің қуанышына ортақтасты. Түнгі уақытқа қарамастан саяси науқанның қорытындыларын асыға күткен жерлестерімізде сан жоқ. Халықтың көп болғаны сонша, бұл түні алаңда ине шаншар жер қалмады.
Жиналғандар бір кісідей үлкен экраннан Хабар телеарнасынан тікелей эфирдегі жаңалықты тыңдап, Нұрсұлтан Назарбаевтың қазақстандықтардың 97 пайыздан астам дау-сын жинап, жеңіске жеткенінен құлағдар болды. Осынау сәт Отанымыздың жарқын болашағы мен кемел келешегі үшін да-уыс берген әрбір қазақстандық азаматтың үмітінің ақталған күні ретінде тарихта мәңгі сақталып қалатыны сөзсіз. Қуаныштан төбелері көкке жеткен жерлестерімізге ән мен биден шашу шашылып, түрлі-түсті отшашулар  жақсылықтың жаршысындай болып аспанға атылды.
Онан әрі Көкшетау қаласының Құрметті азаматы, еңбек ардагері  Болат Жанаділов, «Вайнах» шешен-ингуш облыстық қоғамының төрағасы Герихан Яндиев, Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің студенті Дастан Дәмелхан сөз алып, Елбасының Президенттікке қайта сайлануы халықтың арда ұлына деген зор сенімі мен болашақты тек Назарбаев есімімен байланыстырғысы келетінінің айқын көрінісі екенін ерекше атап өтті.
Қазақ хандығының 550 жылдығында халқымыз демократиялық жолмен өзінің Көшбасшысын таңдап, күллі әлемге өзінің бейбітсүйгіш ел екендігін тағы бір мәрте дәлелдеп берді. Әсіресе, бұл сайлауға ақмолалықтардың асқан белсенділікпен қатысып, республика бойынша жоғары көрсеткішке қол жеткізгенін де айта кеткеніміз жөн.
Тыңдарманның отансүйгіштік рухын көтеретін патриоттық әндерге толы концерттік бағдарламаны тамашалағаннан кейін көпшілік қауым бірін-бірі сайлаудың оң нәтижелерімен құттықтап, көтеріңкі көңіл күймен үйлеріне тарқасты.  
 «Арқа ажарының» өз ақпараттары.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар