Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ерен еңбегі еліне сүйікті еткен - АРҚА АЖАРЫ

Ерен еңбегі еліне сүйікті еткен

 

Қазақ елінің айбынды азаматы, болашағымыздың Нұрлы Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Президентіміз болып қайта сайланғандығына біз, өндірісшілер де шексіз қуаныштымыз.

 

Құрметті Елбасы! Көкшетау-дағы іргелі өндіріс орнының жұмысшылары атынан тәуелсіз еліміздің өркендеуіне қосып жатқан үлесіңізге қолдау білдіріп, алдағы уақытта да Сіз ұстанған саясаттың қолдаушысы болатындығымызды жеткізгім келеді.  
Бүгінде әлем жаһандық қаржы дағдарысының қиындық-тарымен бетпе-бет келіп, оның ауыртпашылықтарын еңсеру үшін қам-қарекет жасауда. Мүйізі қарағайдай талай елдердің бюджет қоржыны босап, экономикасы әлсіреп барады. Ал, Қазақстан өз дамуында бұдан да биік белестерді еңсеру үшін жаңа серпінмен алға қадам басуда. Экономикамыздағы инновациялық-индустриалдық жаңа жобалар көшімізді алға бастырып, серпінді дамуға ден қойғызды.
Осындай іргелі жетістіктер ең алдымен өзіңіздің есіміңізбен тығыз байланысты екенін ешкім жоққа шығара алмас. Ширек ғасыр ішінде біз шикізатты мемлекеттен өндірісі өркендеген алдыңғы қатарлы елге айналдық. Әр өңірде жаңа сипаттағы технологияларға негізделген кәсіпорындар салынды.
Ақмола облысында алғаш ашылған біздің кірпіш зауытымыз бүгінде еліміздің ғана емес, Орта Азиядағы ең танымал кәсіпорын болып отыр. Былтырғы жылы біз өзіңізбен тікелей телекөпір арқылы байланысқа шығып, жаңа өндіріс процестерін іске қостық. Бұл да біздің зауыттың қаржылық әлеуетін жақсартып, мол кіріс алуға мүмкіндік туғызды.
Сөз кезегінде біздің экономикалық өрлеуіміздің де, өркендеуіміздің де кепілі өзіңіз екендігін айтар едік. Сіздің беделіңіз – елдің беделі. Сіз басқарып отырған елдің еңсесі де одан әрі биіктей беретініне сенім мол.

Нұритден СӘМПИЕВ,
«ЕНКИ» ЖШС директоры.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар