Биылғы сайлау Қазақстан үшін аса маңызды шара – Ұлы Жеңістің 70 жылдығы сияқты мазмұны терең мерекемен тұспа-тұс келді.
Мен Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауындағы Ұлт Көшбасшысының Жеңісін Елбасы мен қазақстандықтардың осынау ұлық мерекеге жасаған ерекше тартуы, соған қосқан өлшеусіз үлесі деп білемін.
Өз атыммен Аршалы ауданындағы барша соғыс және еңбек ардагерлерінің атынан мен Мемлекет басшысын осынау тарихи оқиғамен шын жүректен құттықтағым келеді. Бізді, ардагерлерді ұмытпай, ұдайы қамқорлық көрсетіп отыратындығы үшін аға буын оған дән риза.
Президенттің кемел білім-білігі мен мақсаткерлігі, мемлекет қайраткері ретіндегі мол тәжірибесі алдағы уақытта да жемісті жұмыстарға, сол арқылы толағай табыстарға жетелейтіндігіне сенемін. Ал, ол өз кезегінде біздің еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына жол ашып, халықтың әл-ауқатының жақсаруына септесетін болады.
Өзінің кемеңгер Көшбасшысымен Қазақстан көптеген қиыншылықты еңсерді. Алдағы уақытта да кедергілерден абыроймен өтіп, мемлекетімізді бірге өркендете, гүлдендіре беретін боламыз. Елбасына онымен әрқашанда бірге екендігімізді айтып жеткізгіміз келеді.
Георгий БЕЛЯЕВ,
Ұлы Отан соғысының ардагері, Аршалы ауданының құрметті азаматы.